Соғыстың сұрқы әйелге жат

(Театрландырылған қойылым)

Авторы: Светлана Алексеевич
Қоюшы режиссері: Баатырбек Шамбетов
Жас аралығы: +12
Ұзақтығы: 1 сағ.10 мин.

Жанған от пен жауған оқтың ортасында қанаты күйген көбелектей шыр-пыр болған мейірім иесі жүр, бұл – махаббат.
Кеудесін оқ тескен, бетін күйік шалған жаралы батырлардың жанына да арашашы болған да осы – махаббат.
Қатыгездік пен қанішерлік жайлаған соғысқа қарғыс айтып, қан сасыған майданнан жұпар аңқыған жеңістің ұлы күнін жақындатқан да ол – махаббат.
Ал, осы махаббатты өн бойына, жан дүниесіне ұялатқан ол – ӘЙЕЛ заты.
Бұл қойылымда жаны нәзік әйел затының аяусыз қатал соғысқа қайрат танытып, қарсы тұрғаны, жеңіп шыққаны суреттеледі. Себебі, соғысты жеңетін жалғыз қару махаббат ғана.