Шолпанның күнәсі

Шолпанның күнәсі
(драма)

Авторы: Мағжан Жұмабаев
Қоюшы режиссері: Б.Шамбетов
Қоюшы суретшісі: С.Ниязакунов
Жас аралығы: +14
Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 20 миинут
Премьерасы болған уақыты: 22.06.2018 ж.

Жер бетіндегі тіршілікті жаратқан Алла әрқайсысына өз қызметімен атқарар міндетін қоса жаратқан. Соның бірі, әйелге - ана болу, құрсақ көтеру міндетін жүктеген.
Шолпанның да бар арманы перзент сүю, арқа сүйер азаматы Сәрсенбайға ұрпақ сыйлау... Ойлағаны мүмкін еместігіне көзі жетсе де ол осы жолда кері шегінбек емес. Таңдап алған адамы бөтен емес, жақыны, қайнысы Әзімбай...
Шолпан үшін дұрыс деп шешілген шешімді, қазақы менталитетке жат әдетті - халқымыз, еркектік намысы аяққа тапталған Сарсенбай кешіре алама?
Әңгіменің бас кейіпкері Шолпан — әртүрлі сыртқы жағдайлардың және ішкі толқыныстардың нәтижесінде үнемі өзгеріп, дамып отыратын бейне. Шолпан — қасірет жамылған қайғылы әйел. Өзінің бақыты үшін күнделікті өмірін тәрк етіп, тәуекелге бел байлаған қайсар әйел. Шолпанның күнәсі — Сәрсенбайды шынайы сүйгендігі. Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген оның Сәрсенбайға деген махаббаты еді. Егер де Сәрсенбай Шолпанмен ашылып сөйлесіп, сырласып, жанына жақын тартқанда, мүмкін Шолпан ондай әрекетке бармас еді. Шолпан бала зарын бір өзі тартып, жоқты бір өзі іздеуге мәжбүр болады. Шолпан өзіне-өзі сауал қойып, сол қойылған сауалдарға өзі жауап іздейді.