Адыкенов Думан Қайроллаұлы

1992 жылы 19 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Уалихан ауданы Мырзағұл ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Көкшетау қаласындағы Ақан-сері атындағы Мәдениет колледжінің «Драма» бөліміне түсіп 2013 жылы бітірді. 2013 жылы «театр және кино» мамандығына жоғары оқу орнына түсіп, және театрға жұмысқа орналасты.

Сахнада ойнаған рольдері:
1. Д.Исабеков «Өйтпесе Мағжан бола ма?» - Надзиратель,
2. О. Жанайдаров «Бір,екі,үш...» - Сергеев,
3. Ә.оразбеков «Бір түп алма ағашы»- Мақсат,
4. М.Супонин «Бұртима»- Қасқыр,
5. М.Ахманов «Делдал қарға немесе екі дос»-Теке,
6. «Шойын қатын»- молда,
7. «Дөкей келе жатыр»- Днқыш,
8. Г.Хугаев «Қара шекпен»- Тұзар,
9. Р.Куни «№13»- Даясшы,
10. Н.Гоголь «Ревизор»-Шпекин,
11. Ә.Кекілбаев «Махаббат мұнарасы»- Шебер,
12. К.Гольдони «Венециялық егіздер»- Лелио,
13. Р.Отарбаев «Қасірет»- Жалқытай,
14. К.Тоқаев «Солдат күнделігінен»- жауынгер,
15. А. Островский «Пайдалы орын»- Досужев Ш.
16. Перро «Етік киген мысық»-ертекші,
17. Б.Жақып «Жан дауысы»-тау сынды кейіпкерлерді шабыттана сомдады.

2013 жылы Ақмола айтқыштары байқауының бас жүлдесін, 2011 жылы Алматыда өткен Б.Омаровтың 75 жылдығына арналған театр сайысында лауреат атанды. 2015 жылғы Театрымыздың тәуелсіз «Алтын сақа» сыйлығының «Жас дарын», «Көрермен көзайымы» номинацияларының иегері. 2015 жылы Т.Жамақұловтың атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.