Алет Гүлмира

1993 жылы 23- ақпанда Қытай Халық Республикасы Құлжа қаласы, Тоғызтарау ауданында дүниеге келген. Орта білімі 2005-2008 жылы Қытай Халық Республикасы Құлжа Институтінде «қытай музыкасын тану» мамандыған тәмамдаған. 2013-2017 жылы Астана қаласы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде «музыкалық драма және кино актрисасы» мамандығын аяқтаған. Ұстазы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор – Бекболат Құрманқожаев, ассистент қуыршақ театрының режиссері Айжан Салаева. 2017 жылдан бастап С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына жұмысқа қабылданады.
Ойнаған рөлдері:
1. Ш. Мұртаза «Әзиза»- Нафиса,
2. К. Тоқаев «Солдат күнделігінен»- жауынгер,
3. Т. Минуллин «Гәргәрбектің гөй-гөйі»- Гүлдер-ай,
4. К. Гальдони «Венециялық егіздер» - Коломбина,
5. Э. Стентон «Ойыншықтар оқиғасы»-Анасы,
6. М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі»- көрші келін сынды кейіпкерлермен бой көрсетті.
2018 жылы Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, режиссер, актер, ақын Рүстем Есдәулетов атындағы II республикалық театр фестивалінде «Шолпанның күнәсі» атты спектакль Гран при иегері.