Асқаров Нұрбол

Асқаров Нұрбол Талғатұлы 1991 жылы 4 қарашада Батыс Қазақстан облысы Казсталов ауданында дүниеге келген. Мектеп қабырғасын 1996 жылы аттап, 2007 жылы тамамдаған. Сол жылы Құрманғазы атындағы саз колледжіне актер бөліміне оқуға түсіп, 2011 жылы бітірген. 2012 жылы театрға жұмысқа орналасты. 2013жылы Қырғыз Республикасы Бишкек қаласындағы Б.Бейшеналиев атындағы Университетін 2017-жылы «Театр және Кино» мамандығы бойынша тамамдады.
2014 жылдан бастап Жукова, 23 «А» мекен-жайы бойынша № 15 пәтерде тұрады (бір бөлмелі пәтер). Әйелі-Асқарова Гүлдана Жұмағалиқызы, қызы-Талғат Іңкәр Нұрболызы, қызы-Талғат Кәусәр Нұрболқызы, ұлы-Талғат Ахмет Нұрболұлы.
Спектакльдер мен сомдаған рольдер тізімі:
1. Т.Ахметжан «Тазша бала»- Хан,
2. Н.Крымова « Қорқынышты қоян»- қасқыр,
3. Д.Исабеков «Өйтпесе Мағжан бола ма?»- Брюсов,
4. О. Жанайдаров «Бір,екі,үш...»- Қайрат,
5. Г.Хугаев «Қара шекпен»- Қуқар,
6. Р.Куни «№13»- Ричард,
7. Н.Гоголь «Ревизор»-Осип,
8. А.Зағыппар, Б.Шамбетов «Дауылпаз баба-Қожаберген»- Қожаберген,
9. Б. Абдуразаков «Мама»-Баласы,
10. Т.Минуллин «Гәргәрбектің гөй-гөйі»-Жәбіш,
11. К. Гальдони «Венециалық егіздер»-Арлекино,
12. М.Әуезов «Қарагөз»-Дулат,
13. Сафуан Шаймерденов «Дөкей келе жатыр»-Көпей,
14. Э. Стентон «Ойыншықтар оқиғасы»-Вуди,
15. Ә.Кекілбаев «Махабат мұнарасы »- Әмірші,
16. Р.Отарбаев «Қасірет»-Көрші, Ажал.
17. М.Әлібек «Сиқырлы дүрбі»- Бай,
18. Б.Жақып «Жан дауысы»- тау, сынды кейіпкерлерді шабыттана сомдады. Өз жұмысына ұқыпты, жауапты,тәртібімен ұстанымы жақсы дарынды өнерпаз.
2018 жылы - театрымыздың «Алтын сақа» -2018 «Үздік ер бейнесі» номинациасының иегері және көптеген республикалық, облыстық Алғыс хаттармен марапатталды. 2020 жылы СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.