Асқарова Гулдана Жумагалиевна 1991 жылы 16 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Атырау қаласында дүниеге келген. Мектеп қабырғасын 1998 жылы аттап, 2009 жылы тамамдаған. Сол жылы Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына оқуға түсіп, 2013 жылы «Шабыт» өнер университетін «Актер» мамандағы бойынша бітіріп театрға жұмысқа қабылданды.
2014 жылдан бастап Жукова, 23 «А» мекен-жайы бойынша № 15 пәтерде тұрады (бір бөлмелі пәтер). Жұбайы --Асқаров Нұрбол Талғатұлы, қызы-Талғат Іңкәр Нұрболызы, қызы-Талғат Кәусәр Нұрболқызы, ұлы-Талғат Ахмет Нұрболұлы.
Спектакльдер мен сомдаған рольдер тізімі:
1. Т.Ахметжан «Тазша бала» - Гүрбес сұлу,
2. Н.Крымова «Қорқынышты қоян»- қоян, қорқау,
3. Д.Исабеков «Өйтпесе Мағжан бола ма?» - Ажал,
4. О. Жанайдаров «Бір,екі,үш...» - Таня,
5. С.Сматаев, Т.Теменов «Көгілдір такси» - Марьям,
6. Т.Ахтанов «Күшік күйеу»- Алма,
7. Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек»- Қарлығаш,
8. Ш.Башбеков «Шойын қатын»-Салтанат,
9. Софокл «Эдип патша»- Ару қыз,
10. Г.Хугаев «Қара шекпен»- Көкшулан,
11. Н.Гоголь «Ревизор»- Пошлепкина,
12. К. Гальдони «Венециялық егіздер»- Розаура,
13. М. Әуезов «Қарагөз»- Ақбала,
14. М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі»- Шолпан сынды рольдерін ерекше шабытпен ойнады. сынды кейіпкерлерді шабыттана сомдады.
2014 жылы Халықаралық театр күніне орай «Алтын сақа-2014» «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды. 2016 жылы Петропавл қаласының әкімі М. Тасмағанбетов атынан Алғыс хат, 2018 жылы Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, режиссер, актер, ақын Рүстем Есдәулетов атындағы II Республикалық театр фестивалінде «Шолпанның күнәсі» атты спектакльі мен Гран при иегері атанды.