Гайнулина Гүлназ

Гайнулина Гүлназ Серікқызы 1988 жылы 20 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Мектеп ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Петропавл қаласы орта білім кешені Өнер колледжінің актер бөліміне оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын 2009 жылы тамамдаған. Сол жылы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына қызметке алынды. 2011жылы Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз Мемлекеттік Өнер институтына кино мамандығына сырттай оқуға түсіп, 2015 жылы тәмамдады.
2010 жылдың қарашасынан бастап Жукова, 23 «А» мекен-жайы бойынша № 16 пәтерде тұрады (бір бөлмелі пәтер). Жұбайы - Гайнулин Марат Азатұлы, ұлы - Азат Әли Маратұлы, қызы - Гайнулина Айлин Маратқызы.
Ойнаған рөлдері:
1. Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» -келін,
2. М.Әуезов «Еңілік-Кебек» - Еңлік,
3. Т.Уильямс «Шыны хайуанат»-Лаура,
4. Т.Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» - Күйкетай,
5. Д.Исабеков «Алладиннің сиқырлы шамы»-Зымзия,
6. С.Сматаев, Т.Теменов «Көгілдір такси» -Мариям,
7. У.Лейес «Айға ұшқан Түкбілмес»- Түлкі,
8. Н.Байтеміров «Абайлаңыз қалыңдық»- Гүлмира,
9. Т.Ахтанов «Күшік күйеу»- Алма,
10. С.Жүнісов « Елім ай»- Гүләйім,
11. Т.Ахметжан « Тазша бала»- Гүрбесу,
12. Н.Крымова « Қорқынышты қоян»- Қорқау,
13. С.Шаймерденов «Дөкей келе жатыр»- Базаркүл,
14. Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек»- Қарлығаш,
15. Ш.Башбеков «Шойын қатын»- Салтанат,
16. Д.Исабеков «Жау жүрек» -Балқаш,
17. Т.Жүженоғлы «Тығырық»- Жанар,
18. Г.Хугаев «Қара шекпен»- Сылаң,
19. Р.Куни «№13»- Глэдис,
20. Т. Минуллин «Гәргәрбектің гө»-гөйі»,
21. А. Островский «Пайдалы орын»- Кукушкина,
22. Б.Жақып «Жан дауысы»- жел рольдерін ерекше шабытпен ойнады.
2012 жылы Облыс әкімінің С. Біләловтың Алғыс хатымен, сол жылы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының «Жыл актрисасы» номинацияларымен марапатталды. 2013 жылы Халықаралық Театр күніне орай, театр өнеріне қосқан үлесі үшін театр директоры К. Қасымовтан Алғыс хат алды. 2015 жылы 25-наурыз Халықаралық театр күніне орай ҚР театр қайраткері Одағынан Т. Жаманқұлов атынан «Құрмет» грамотасын алды. 2020 жылы Алтын глобус халықаралық білім мен мәдениетті дамытудың оқу әдістемелік, ғылыми инновациялық академиясының «Үздік маман» төс белгісімен марапатталды.