Каримов Әділжан Ғабдұлғаппарұлы

1987 жыл 17- желтоқсан БҚО Орал қаласында дүниеге келген. 1995 жылы мектеп қабырғасын аттап, 2006 жылы бітірген. Сол жылы Орал қаласы Құрманғазы атындағы Саз колледжінің «Драма» бөліміне түсіп, 2009 жылы аяқтаған. 2010-2011 жылы Сарыағаш әскери бөлімінде Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметінде әскери қызмет атқарды. 2012 жылдан бастап С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына жұмысқа орналасаты. 2012-2013 Б. Бейшеналиева Қырғыз Мемлекеттік Өнер Университетін аяқтады. Ойнаған рөлдері:
1. С. Жүнісов «Елім-ай»- Тайшы
2. Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек»- Жаршы
3. Н. Крымова «Қорқынышты қоян» -Құндыз
4. Г. Исабеков «Өйтпесе Мағжан бола-ма?»- надзиратель
5. М. Супонин «Бұртима»- қортық
6. Р. Куни «№13»- өлік
7. Н. Гоголь «Ревизор»- мишка
8. А.Зағыппар , Б.Шамбетов «Дауылпаз баба-Қожаберген»- Бөгенбай батыр,
9. И. Сапарбай «Сыған серенадасы»- сыған
10. Р. Отарбаев «Қасірет»- нашақор
11. Т. Рұсқылов «Әзиза»-надзиратель
12. К. Гальдони «Венециялық егіздер»-капитан
13. К.Тоқаев «Солдат күнделігінен» - солдат
14. А. Островский-кафе қызметкері
15. Э. Стентон « Ойыншықтар оқиғасы»- Робот Баз
16. Б.Жақып «Жан дауысы»- тау
17. Ш.Перро «Етік киген мысық»- ханзада сынды кейіпкерлерді шабыттана сомдады.