Қасым Айбол Естемесұлы

1993 жылы 4 қыркүйекте Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарыбай би ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада -цирк колледжінің «актер өнері» мен «көркем сөз оқу шебері» бөліміне оқуға түсті. Курс жетекшісі Малимова Әсия сында ұстаздан дәріс алып, 2012 жылы аталмыш колледжді тәмамдады. Сол жылы Ресей Ярославль қаласындағы Театр институты актер бөліміне сырттай оқуға қабылданады. 2013 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма тетрына актер мамандығы бойынша жұмысқа қабылданды.
Ойнаған рольдері:
1. Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек»-Жаршы,
2. Н.Крымова «Қорқынышты қоян»- қоян,
3. Д.Исабеков «Өйтпесе Мағжан бола ма?»- Ажал,
4. М.Супонин «Бұртима»-елгезек,аю, тиын.,
5. Софокл «Эдип патша»-Хор,
6. Г.Хугаев «Қара шекпен»- Қортық,
7. Р.Куни «№13»- Өлік,
8. Н.Гоголь «Ревизор»-Абдулин
9. М. Әлібеков «Сиқырлы дүрбі» -Маккуин,
10. И. Сапарбай «Сыған серенадасы»-Абзал,
11. Р. Отарбаев «Қасірет»-Жалқытай,
12. К. Гальдони «Венециялық егіздер»- Флориндо,
13. М. Әуезов «Қарагөз» Сырым,
14. Э. Стентон «Ойыншықтар оқиғасы»- Патрик,
15. Т. Минулин «Гәргәрбектің гөй-гөйі»-Ләтөк,
16. А. Островский «Пайдалы орын» спектаклінде чиновниік,
17. Б.Жақып «Жан дауысы»- боз дала, сынды кейіпкерлерді сомдап талапты қызмет жасап келеді. Болашағынан үлкен үміт күттіретін дарынды азамат.
2014 жылы Театрға қосқан үлесі үшін «Алғыс хат», О.Бөкей оқуларының «Бас жүлде», Гүлжихан Ғалиева атындағы 1-ші Халықаралық «Көркем сөз оқу» байқауының дипломанты, Абай оқуларының 3-ші орын, М. Мақатаев оқуларының 1-ші орын, 2012 жылы Мәскеу қаласында өткен халықаралық Чехов оқуларының дипломанты марапат иегері.
2017 жылы Театр күніне орай театр арасындағы «Алтын сақа 2017» марапаттауында «Үміт» номинациясы. 2019 жылы «Алтын сақа-2019» «ЕҢ ҮЗДІК ЕКІНШІ ПЛАН АКТЕРІ» номинациясымен марапатталды.
Театр өнеріндегі қол жеткізген жетістіктері үшін «Сахнагер-2018» Ұлттық шығармашылық театр сыйлығымен, «Үміт» номинациясымен марапатталды.