Асылхан Талғатұлы Разиев 1988 жылы 19 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Баян ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Петропавл қаласы орта білім кешені Өнер колледжнің актер бөліміне түскен. 2007 жылдың сәуір айында С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына қызметке алынды. 2009 жылы Өнер колледжін қызыл дипломмен бітірді. Сол жылы Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз Мемлекеттік Өнер институтына сырттай оқуға түсіп, 2013 жылы драма актер мамандығы бойынша аталмыш оқу орынын бітірді. Өз жұмысына ұқыпты, жауапты,тәртібімен ұстанымы жақсы дарынды өнерпаз.
2010 жылдың қараша айынан бастап Жукова, 23 «А» мекен-жайы бойынша № 12 пәтерде т9рады (бір бөлмелі пәтер). Әйелі-Разиева Эдера Шариповна, қызы-Талғат Аймира Асылханқызы, ұлы-Талғат Жантөре Асылханұлы.
Спектакльдер мен сомдаған рөлдер тізімі:
1) 2008ж. М.Әуезов«Еңлік-Кебек» - Жапал, Режиссер:Б.Шамбетов.
2) 2009ж. Т.Уильямс «Шыны хайуанаты» - Том, Режиссер:Б.Шамбетов.
3) 2010ж. С.Сматаев,Т.Теменов «Көгілдір такси»- Бақытжан, Режиссер:О.Ақжарқын-Сарсенбек.
4) 2010ж. Т.Ахтанов «Күшік күйеу»-Кубик, Режиссер: М.Ақжолов.
5) 2010ж. С.Жүнісов «Елім-ай» -Сабалақ,Режиссер:М.Ақжолов.
6) 2011ж. Н.Байтемиров «Абайлаңыз қалыңдық» - Сапарбай, Режиссер: Б.Шамбетов.
7) 2011ж. Т.Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» - Жарбол, Режиссер: М.Ақжолов.
8) 2012ж. Ш.Башбеков «Шойын қатын» - Әлімжан,Режиссер:Б.Шамбетов.
9) 2012ж. Ғ.Мүсрепов «Қыз Жібек» - Сансызбай, Режиссер:Ж.Хаджиев.
10) 2012ж. С.Шаймерденов «Дөкей келе жатыр»- Қилау,Режиссер: Б.Шамбетов.
11) 2013ж. Д.Исабеков «Өйтпесе Мағжан болама?!» - Есенин, Режиссер:М.Ахманов.
12) 2013ж.О.Жанайдаров«Бір,екі,үш...» - Жолан, Режиссер:Б.Шамбетов.
13) 2014ж. Софокл «Эдип патша» - Хор, Режиссер:К.Касымов.
14) 2014ж.Г.Хугаев «Қара шекпен» - Тұзар, Режиссер:Б.Шамбетов.
15) 2014ж.Р.Куни«№13» - Д.Пигден, Режиссер:Е.Кауланов.
16) 2015ж. Н.В.Гоголь «Ревизор» - Хлестаков, Режиссер:Б.Абдураззаков.
17) 2015ж. Ж.Ерғалиев «Жетім тағдыр» - Сәбит, Режиссер:М.Оспанов.
18) 2015ж. А.Зағыпар,Б.Шамбетов«Дауылпаз баба-Қожаберген»-Қалдан Серен,Режиссер:Б.Шамбетов.
19) 2016ж. А.Айларов «Келісім шарт бойынша қалыңдық» - Арсамаг Бияев,Ә.Оразбеков.
20) 2016ж. И.Сапарбай «Сыған серенадасы» - Дирижер-мим, Режиссер:Ф.Молдағали.
21) 2016ж. Ә.Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» - Жаппар,Режиссер: Б.Шамбетов.
22) 2017ж. Р.Отарбаев «Қасірет» - Көрші шал,Режиссер: Ф.Молдағали.
23) 2017ж. Туфан Миннуллин «Гәргәрбектің гөй-гөйі» - Әбен, Режиссер: Ф.Молдағали.
24) 2018ж. К.Гольдони «Венециялық егіздер» - Егіздер: Тонино,Дзанэтто,Режиссер: Б.Шамбетов.
25) 2018ж. М.Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» - Азімбай,Режиссер:Б.Шамбетов.
26) 2018ж. Н.Островский «Пайдалы орын» - Жадов,Режиссер: Б.Шамбетов
27) 2019ж. Б.Жақып «Жан дауысы»-тау : Режиссер: Ф.Молдағали.
2012 жылы - облыс әкімінің грамотасымен марапатталды. 2013 - «Жыл актері» номинациясымен марапатталды.
2015 жылы - «Үздік актер 2015» номинациясымен марапатталды.
2020 жылы - Алтын глобус халықаралық білім мен мәдениетті дамытудың оқу әдстемелік, ғылыми инновациялық академиясының «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды, және де Халықаралық театр күніне орай «Алтын сақа-2020» «Үздік ер бейнесі» номинациясымен марапатталды.