Супатаева Аида Ильясқызы

Қырғызстан Республикасы, Ыстық көл облысы, Ақсу ауданы, Ақбұлақ ауылында 1978 жылы 8 мамырда дүниеге келді. 1994 жылы Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтына түсіп, 1998 жылы бітірді. 2000 жылдан бастап С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында жұмысқа қабылданды.
Ойнаған рольдері:
1. Ө. Боранбаевтың «Бәрінен күшті қорқақ көжек» - Күшік,
2. С. Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болды» - Айгүл, Сабира,
3. О. Әубәкіровтің «Қожа мен спорт» - Жалқау,
4. А. Кирийдің «Иірім»- Балашка,
5. М. Хасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар-ай» - Ғазиза,
6. Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» - Гид,
7. П. Мерименің «Кармен» - Кемпір,
8. Д. Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» - Хадиша,
9. С. Ваннус «Уа ұлы мәртебелім» - Ум Аза,
10. М.Ғаппаров «Қуыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кеші» - Сайра,
11. С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» - Мадина,
12. Ә. Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» - Әлия,
13. С.Жүнісовтың «Елімай» - Ана,
14. М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» - Оксана,
15. Д. Симонова «Алтын дәннің құпиясы» - Кірпітай,
16. Ж. Әміреев «Бірлік түбі береке» - Қоян,
17. Қ. Қорғанұлы «Қанмен жазылған хат» - Аудармашы,
18. Д.Исабеков «Жау жүрек» -Екатерина,
19. “Кыз Жібек” - Батсайы,
20. “Мама” - мамасы,
21. “Сыған серенадасы” - анасы, “Қасірет” - ана,
22. “Махаббат мұнарасы” - күтуші,
23. “Әзиза” –Әзиза,
24. Т. Минуллин «Гәргәрбектің гөй-гөйі»- Аридаш,
25. Р.Отарбаев «Қасірет» -анасы,
26. Ш. Қалдаяқов «Сыған серенадасы»-сыған,
27. М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» -Бадырақтың қатыны,
28. М.Әуезов «Қарагөз» -Мөржан,
29. Б.Жақып «Жан дауысы»-тау рольдерін асқан шеберлікпен сомдады.
Халықаралық театр күні аясында ұйымдастырылған «Театр мейрамы -2008» байқауында «Үздік әйел бейнесі» , «Театр мейрамы-2009» байқауында «Үздік әйел бейнесі», «Театр мейрамы -2012» байқауында «Үздік әйел бейнесі» марапатталды, Халықаралық театр күніне орай «Алтын сақа-2017» «Ең Үздік Әйел Бейнесі» номинациясы бойынша марапатталды. СҚО Әкімінің 2004 жылғы 2-дәрежелі сыйлығының иегері. Халықаралық театр күніне орай «Алтын сақа-2018» «Ең Үздік Әйел Бейнесі» номинациясы бойынша марапатталды.