Ташкен Дулат Төлепбергенұлы

1990 жылы 19 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында дүниеге келген. 2008 жылы Петропавл өнер колледжінің «Драма» бөліміне түсті. 2010 жылдан бастап театрға жұмысқа орналасты.
Ойнаған рольдері:
1. Д.Исабеков «Алладиннің сиқырлы шамы»-Жаршы,
2. С.Сматаев, Т.Теменов «Көгілдір такси» -Есбергенов,
3. У.Лейес «Айға ұшқан Түкбілмес»- Торай,
4. Н.Байтеміров «Абайлаңыз қалыңдық»-Саламат,
5. Т.Ахтанов «Күшік күйеу»- Бекболат,
6. С.Жүнісов «Елім ай»- Шарыш,
7. Т.Ахметжан «Тазша бала»- Көкжал батыр,
8. Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек»- Төлеген,
9. Д.Исабеков «Өйтпесе Мағжан бола ма?»- Надзиратель,
10. Т.Жүженоғылы «Тығырық»- Спандияр,
11. Софокл «Эдип патша»-Абыз,
12. Г.Хугаев «Қара шекпен»- Көкжал,
13. Р.Куни «№13»- Басқарушы,
14. Н.Гоголь «Ревизор»- Держиморда
15. К. Гальдони «Венециялық егіздер»-доктор,
16. Э. Стентон «Ойыншықтар оқиғасы»- айдахар,
17. Б. Абдуразаков «Мама»-Баласы,
18. М.Әуезов «Қарагөз»-Жарылғап,
19. Ш.Перро «Етік киген мысық»- патша
20. Б.Жақып «Жан дауысы»-тау, сынды кейіпкерлерді ерекше шабытпен ойнады.2010 жылы сынды кейіпкерлерді шабыттана сомдады. Өз жұмысына ұқыпты, жауапты,тәртібімен ұстанымы жақсы дарынды өнерпаз.
«Алтын сақа-2019» «ЕҢ ҮЗДІК ЕР БЕЙНЕСІ» номинациясымен марапатталды.