Skip to main content

СМАҒҰЛ... ШЫҢЫ

/драма/

Авторы: Баянғали Әлімжанов
Режиссері: Бекболат Құрманғожаев
Суретшісі: Алма Сырбаева

Смағұл – ұлттың адал перзенті. Халқының болашағын өз тағдырынан биік қойған ол ұлы мұрат жолында сынға ұшырап, құрбан болды. Өмірі умен үзілген Смағұл – жүрегі білімге, рухы тектілікке толы еді.
Сонда Смағұлдың шыңы қайда?

Оның орындалмай кеткен арманы болашақ үшін аса қажет еді. Алайда әділетсіздік пен зұлымдықтың айла-тәсілін шебер меңгерген Голощекин жүйесі оны жолынан тайдырды. Иә, Голощекин оның өмірін қиған болар, бірақ рухын жоя алмады. Өмірде өз шыңына жете алмаған алып тұлғаның арманы «Смағұл... шыңы» драмасында шындыққа айналады!


  • Күні:

    мамыр 31, 2026
  • Басталуы:

    11:00