Skip to main content

Петропавлдағы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының ресми сайты. Спектакльдер афишасы, репертуар, жаңалықтар және билеттер туралы ақпарат. Мекенжайымыз: Петропавл, Ж. Жабаев көшесі, 88.

Спектакльдер афишасы · Театрмен байланыс

Афиша

Соңғы жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ Х ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ 1–6 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында Орталық Азия елдері театрларының Х халықаралық фестивалі өтеді. Мәдени шара түрлі елдердің театр ұжымдарын бір сахнаға жинап, халықаралық шығармашылық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Алты күнге жоспарланған фестиваль аясында көрермендер назарына әр елдің тарихы мен мәдениетін, ұлттық болмысы мен дүниетанымын бейнелейтін сахналық қойылымдар ұсынылады. Өнер додасына қ...
  ⚡️Мемлекет басшысы: «Ана тілі мәселесі – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып» «Баршаңызбен бірге Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында бас қосып отырғанымызға ризамын. Бүгінгі жиынның мән-мағынасы ерекше. Себебі Ана тілі мәселесі, бұл – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып. Қазіргі таңда дүние жүзінде тіл өзекті, нәзік мәселеге айналып кетті. Бұл үрдіске бәріміз куә болып отырмыз. Ең алдымен, осы жерде сөз сөйлеп, мазмұнды ойларын...
Алматы қаласынан арнайы шақырылған «Тотальный театр» тәуелсіз театрының негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі, режиссер Антон Зайцев Петропавл театрының әртістерімен шығармашылық жұмысқа кірісті. Қазіргі таңда режиссер Н. Носовтың «Түкбілмес» ертегісі бойынша қойылым әзірлеуде. Дайындық жұмыстары аясында актерлермен түрлі тренингтер өткізіліп, олардың шығармашылық қабілеттері мен сахналық мүмкіндіктері саралануда. Әзірге рөлдер нақты бөлінген жоқ. Режиссер әртістердің өнерін бақылап, ке...
Театр ұжымы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдап, ел дамуының негізгі басымдықтары бойынша пікір алмасты. Кездесу барысында Жолдауда көтерілген маңызды мәселелер мен олардың қоғам өміріндегі маңызы талқыланды. Жиында мәдениет пен өнер саласын дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани мұраны сақтау және өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Театр өнерінің қоғамның рухани дамуына қосар үлесі, ұлттық мәдени...
Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының гастрольдік сапары сәтті аяқталды. Қазан айының 9-ы мен 20-сы аралығында театр ұжымы Қызылорда, Түркістан, Шымкент және Тараз қалаларында болып, жергілікті көрерменге бірнеше қойылым ұсынды. Гастроль барысында театр репертуарындағы «Қарапайым адам», «Шолпанның күнәсі», «Жалқаудың жыры» және «Мөлдір махаббат» спектакльдері сахналанды. Әр қойылым көрерменге өзіндік ой салып, театр өнерінің тереңдігін танытуға мүмкіндік берді. Өнер ұжымы барғ...

Біздің серіктестер