/комедия/
Ауылдағы мәдениет үйінің әуесқой өнерпаздары байқауға қатысу үшін ансамбль құруға бел буады. Жұматтың басты идеясы – тек қыздардан құралған, заманауи талапқа сай жаңа форматтағы ансамбль құру. Алайда ауылдағы кадр тапшылығы мен жастардың жетіспеушілігі бұл мақсатқа жету жолында түрлі қиындықтар туғызады. Байқау талаптары мен қолда бар мүмкіндіктердің сәйкес келмеуі кейіпкерлерді күтпеген шешімдер мен айла-амалдарға баруға жетелейді…
Қойылымда ауылдан көшу, тіл мәселесі және ауыл өмірінің бүгінгі көрінісі сияқты қоғамдағы өзекті мәселелер астарлы әзіл арқылы көрініс табады. Көрерменді күлдіріп қана қоймай, ой салатын заманауи комедия.