Неге жақсылық үнемі жамандықтан жеңіледі? Адам баласы жарық дүние есігін ашпай жатып маңдайына жазылған тағдырына көне ме? Ізгіліктің артынан қанша қусаң да, қай жерден сүрінетініңді білмейсің. Сая Қасымбектің «Қол» пьесасымен жұмыс істей отырып, адамның туғаннан бастап қандай ережелермен өмір сүретінін зерттеп, сол зерттеуді көрермен назарына ұсынғымыз келеді.