«Шабыт» би ансамблі
-
Ахмет Сабина Қайратқызы
Ахмет Сабина Қайратқызы 1996 жылғы 25 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Подгорное ауылында дүниеге келген.
2014–2018 жылдары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша білім алған.
2025 жылдың қазан айынан бастап С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында еңбек етіп келеді.
Театр сахнасында «Махаббат әні» қойылымына көпшілік сахна әртісі ретінде қатысады. Сондай-ақ «Қара жорға», «Қылықты қыз», «Өзбек биі», «Дала назы» билерін орындаған.
-
Баймуратова Райгуль Адылбековна
Баймұратова Райгүл Әділбекқызы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Құралай ауылында дүниеге келген.
2017–2020 жылдары Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде «Бос уақыт педагог-ұйымдастырушысы, би ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша білім алып, 2020 жылы оқу орнын тәмамдаған.
2020–2022 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2026 жылы Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетін «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2020 жылдан бастап С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында еңбек етіп келеді.
Театр сахнасында «Сыған серенадасы», «Ұлпан – Аруақ», «Ұстаздың оралуы», «Шоқан», «Қысылғаннан қыз болдық», «Махаббат әні», «Соғыс» қойылымдарындағы көпшілік сахналарға қатысқан.
Сонымен қатар театр сахнасында «Гүл атқан таң», «Жанарым», «Ұйғыр биі», «Шаттық», «Көктем вальсі», «Қара жорға», «Өзбек биі», «Қос алқа» би қойылымдарын орындаған.
-
Дәуренбекова Динара Дулатқызы
Дәуренбекова Динара Дулатқызы 1988 жылғы 1 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы Орталық ауылында дүниеге келген.
2006–2010 жылдары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша білім алған.
2022 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығын тәмамдаған.
2010 жылдан бастап С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында еңбек етіп келеді.
Театр сахнасында «Қыз Жібек», «Сыған серенадасы», «Ұстаздың оралуы», «Қысылғаннан қыз болдық», «Махаббат әні», «Мағжан» қойылымдарындағы көпшілік сахналарға қатысқан. «Қысылғаннан қыз болдық» қойылымында даяшы рөлін сомдаған. «Түс» қойылымында пері бейнесін сомдаған.
Сонымен қатар «Гүл атқан таң», «Ұйғыр биі», «Көктем вальсі», «Қара жорға», «Өзбек биі», «Дала назы», «Қылықты қыз», «Жанарым», «Жастар биі», «Балбырауын», «Шаттық», «Қазақ оюлары», «Адай», «Шашу» би қойылымдарын орындаған.
-
Жақыпова Алтынай Айтуллақызы
Жақыпова Алтынай Айтуллақызы 1999 жылғы 4 ақпанда Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.
2020 жылы СКППК оқу орнын тәмамдаған.
2017 жылдан бастап С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында еңбек етіп келеді.
Театр сахнасында «Сыған серенадасы», «Ұлпан – Аруақ», «Ұстаздың оралуы», «Шоқан», «Ревизор», «Махаббат әні», «Соғыс» қойылымдарындағы көпшілік сахналарға қатысқан. «Қысылғаннан қыз болдық» қойылымында оқушы рөлін, «Түс» қойылымында пері бейнесін сомдаған.
Сонымен қатар «Гүл атқан таң», «Жанарым», «Ұйғыр биі», «Шаттық», «Көктем вальсі», «Қара жорға», «Өзбек биі», «Қос алқа» би қойылымдарын орындаған.
-
Құсайынова Мадина Сәбитқызы
Құсайынова Мадина Сәбитқызы 2005 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылында дүниеге келген.
2020–2024 жылдары Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде білім алған.
2024 жылдан бастап Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінде білімін жалғастырып келеді.
2025 жылдан бастап С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында еңбек етеді.
Театр сахнасында «Махаббат әні», «Сыған серенадасы» қойылымдарындағы көпшілік сахналарға қатысқан. «Қысылғаннан қыз болдық» қойылымында оқушы рөлін, «Түс» қойылымында Дәнек рөлін сомдаған.
Сонымен қатар «Қара жорға», «Қылықты қыз», «Өзбек биі», «Гүл атқан таң», «Дала назы» би қойылымдарын орындаған.
-
Мейрбек Салтанат Арманқызы
Мейрбек Салтанат Арманқызы 2000 жылғы 2 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында дүниеге келген.
2016–2019 жылдары Гуманитарлық-техникалық колледжде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алған.
2019–2022 жылдары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қаржы» мамандығын меңгерген.
2024–2026 жылдары Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша білім алған.
2026 жылдан бастап С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында еңбек етіп келеді.
Театр сахнасында «Сыған серенадасы», «Ұстаздың оралуы», «Махаббат әні», «Мағжан», «Қобыланды» қойылымдарындағы көпшілік сахналарға қатысқан. «Қысылғаннан қыз болдық» қойылымында оқушы рөлін, «Махаббат әні» қойылымында Шоқанның әйелінің рөлін, «Түс» қойылымында пері бейнесін сомдаған.
Сонымен қатар «Гүл атқан таң», «Ұйғыр биі», «Көктем вальсі», «Қара жорға», «Өзбек биі», «Дала назы», «Қылықты қыз», «Жанарым», «Ерке сылқым», «Жастар биі», «Мереке биі», «Аққу», түрік және испан билерін орындаған.
-
Мұхамеджан Нұрай Серікқызы
Мұхамеджан Нұрай Серікқызы 2000 жылғы 8 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген.
2016–2020 жылдары Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде білім алған.
2020–2024 жылдары Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алып, хореограф-балетмейстер мамандығын меңгерген.
2024 жылдан бастап С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында еңбек етіп келеді.
Мамандығы – хореограф, балетмейстер, қойылым жасаушы.
Театрдағы алғашқы шығармашылық жұмысы – «Махаббат әні» пластикалық спектаклінің хореографиялық қойылымы.
-
Тұрманова Салтанат Қонспайқызы
Тұрманова Салтанат Қонспайқызы 1994 жылғы 21 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген.
2012–2016 жылдары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Педагог-психолог» мамандығы бойынша білім алған.
2022 жылы Астана қаласындағы «AGZHAN» ғылыми-білім беру орталығында жоғары білім негізінде педагогикалық қайта даярлау курсынан өтіп, «Педагог-хореограф» біліктілігін алған.
2025 жылдың маусым айынан бастап С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында еңбек етіп келеді.
Театр сахнасында «Махаббат әні», «Сыған серенадасы» қойылымдарындағы көпшілік сахналарға қатысқан. Сонымен қатар театрдың мерекелік таңертеңгіліктерінде өнер көрсетеді.
«Қара жорға», «Қылықты қыз», «Өзбек биі», «Гүл атқан таң», «Дала назы» би қойылымдарын орындаған.
-
Халелова Айдана Тлегенқызы
Халелова Айдана Тлегенқызы 2004 жылғы 12 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Ильинка ауылында дүниеге келген.
2019–2022 жылдары Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжінде білім алған.
2023 жылдан бастап Челябі қаласындағы Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінде білімін жалғастырып келеді.
2022 жылдан бастап С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында еңбек етіп келеді.
Театр сахнасында «Сыған серенадасы», «Ұстаздың оралуы», «Шоқан», «Ревизор», «Махаббат әні», «Мағжан» қойылымдарындағы көпшілік сахналарға қатысқан. «Ұлпан – Аруақ» қойылымына, сондай-ақ «Қысылғаннан қыз болдық» қойылымында оқушы рөліне қатысады.
Сонымен қатар «Гүл атқан таң», «Ұйғыр биі», «Көктем вальсі», «Қара жорға», «Өзбек биі», «Дала назы», «Қылықты қыз» би қойылымдарын орындаған.




