Skip to main content

Смағұл шыңы

Қазақтың мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың 125 жылдығына арналған. Смағұл – ұлттың адал перзенті. Халқының болашағын өз тағдырынан биік қойған ол ұлы мұрат жолында сынға ұшырап, құрбан болды. Өмірі умен үзілген Смағұл – жүрегі білімге, рухы тектілікке толы еді. Оның орындалмай кеткен арманы – болашақ үшін аса қажет. Алайда әділетсіздік пен зұлымдықтың айла-тәсілін шебер меңгерген Голощекин жүйесі оны жолынан тайдырды. Иә, Голощекин оның өмірін қиған болар, бірақ рухын жеңген жоқ... Сонда Смағұлдың шыңы қайда? Өмірде өз шыңына жете алмаған алып тұлғаның арманы «Смағұл... шыңы» драмасында шындыққа айналады.


  • Күні:

    26 Қараша 2026
  • Басталуы:

    17:00