«Мөлдір махаббат» — Сәбит Мұқановтың ең танымал шығармаларының бірі. Қойылымда Бүркіт пен Бәтестің кіршіксіз махаббаты мен тағдыры баяндалады. Адал сезімге қоғам қарсылығы мен заман шектеулері кедергі келтіріп, кейіпкерлерді қиын таңдауға жетелейді. Спектакль сүйіспеншілік, адалдық, адамгершілік және рухани жауапкершілік туралы ой қозғайды.
Автор: Сәбит Мұқанов. Режиссері: Айдар Заббаров. Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут. Жас шектеуі: 16+.