Skip to main content

Театрда жаңа туындыға дайындық жүріп жатыр

Алматы қаласынан арнайы шақырылған «Тотальный театр» тәуелсіз театрының негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі, режиссер Антон Зайцев Петропавл театрының әртістерімен шығармашылық жұмысқа кірісті.

Қазіргі таңда режиссер Н. Носовтың «Түкбілмес» ертегісі бойынша қойылым әзірлеуде. Дайындық жұмыстары аясында актерлермен түрлі тренингтер өткізіліп, олардың шығармашылық қабілеттері мен сахналық мүмкіндіктері саралануда.

IMG_9447

Әзірге рөлдер нақты бөлінген жоқ. Режиссер әртістердің өнерін бақылап, кейіпкерлердің болмысына сай келетін актерлерді анықтауда. Алдағы уақытта дайындық жұмыстары жалғасып, қойылымның сахналық шешімі қалыптаспақ.

IMG_9446