«Кукарача» қойылымы – балалық шақтың балғын сәттерін, алғашқы махаббатты, достық пен бұзықтықты еске салатын әсерлі туынды. Грузин жазушысы Н. Думбадзенің повесі негізінде қойылған спектакльде оқиға, есімдер мен мекен әртүрлі болғанымен, өзгермейтіні – адам болмысы. Себебі бала – барлық жерде бала, махаббат – барлық уақытта махаббат. Біз бұл қойылым арқылы сіздерге сезім сыйлауға тырыстық.