Skip to main content

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған коалиция мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Делегация өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында Жаңа Ата заң жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, оның қоғам өміріндегі маңызы айтылды.

Сапар аясында Оқушылар сарайында кеңейтілген жиын өтті. Басқосуға ғылым, білім беру, мәдениет және өзге де салалардың өкілдері қатысты. Шараға 250-ге жуық адам жиналды.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының мазмұны, әділетті қоғам құру қағидаттары және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар Қазақстанның әділеттілікке негізделген, заң үстемдігі берік сақталатын әрі адам құқықтары толық қорғалатын мемлекетке айналатынына сенім білдірді.