Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарын белсенді түрде жүргізді. Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, стихиялық қоқыс үйінділерін жою және табиғатты келер ұрпаққа таза күйінде аманат ету.
Сенбілік барысында театр ұжымы ұйымшылдық танытып, ғимараттың сыртқы аумағын да, ішкі бөлігін де толықтай тазалап, ретке келтірді. Ауласы абаттандырылып, жиналған қоқыстар шығарылды, ал ғимарат іші мұқият тазаланып, көрермендер үшін жайлы әрі таза орта қалыптастырылды.
Мұндай игі бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыра түседі. Табиғатқа жанашырлық – әр азаматтың парызы!



