«ҚР жаңа Конституциясындағы адам құқықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында адам құқықтарын қорғау, олардың қоғамдағы маңызы және енгізілген өзгерістер жан-жақты талқыланды.
Пікірталасқа Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті журналисі Жарасбай Сүлейменов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тажин, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы СҚО филиалының директоры Разия Ыдырысбаева қатысты.
