Skip to main content

Қазақстандық қоғамдық даму институты мен Қазақстанның Азаматтық альянсы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Меморандумға Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова мен Қазақстанның Азаматтық альянсының директоры Нұрас Ералы қол қойды.

Құжат азаматтық қоғамды дамытуды, қоғамдық диалогты кеңейтуді, екі ұйымның әлеуетін біріктіруді, сарапшылар арасында тәжірибе алмасуды көздейді. Меморандум бірлесіп зерттеу жүргізу, сарапшылардың кездесулерін өткізу, пікірталас ұйымдастыру, талдамалық материалдарды бөлісуге мүмкіндік береді.

Тараптардың алдағы жұмысында қоғамдағы өзекті үдерістерді зерделеу, азаматтық бастамаларды қолдау және қоғамдық даму мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу маңызды орын алмақ.

Ынтымақтастық институттың талдамалық мүмкіндіктерін альянстың практикалық тәжірибесімен ұштастырып, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты нығайтуға жол ашады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі