Skip to main content

Халықаралық театр күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Алтын сақа – 2026» театрішілік марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты кеш барысында театрдың 27-ші маусымындағы үздік қойылымдар мен жарқын актерлік жұмыстар сараланып, өнер ұжымының қызметкерлері түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Бұл шара театр ұжымының шығармашылық жетістіктерін қорытындылап, әр әртістің еңбегін бағалауға мүмкіндік берді.

Биылғы марапат иегерлері:
– «Шығармашылық жетістіктері үшін» – «Sensitive» би театры
– «Театрға қосқан үлесі үшін» – Адыкенов Думан Қайроллаұлы
– «Өз ісінің маманы» – Аубакиров Еркін Әміржанұлы
– «Театр жанашыры» – Далабаев Данияр Нұрланұлы
– «Үздік қызметкер» – Карлина Глория Андреевна
– «Үміт» – Құмабай Жарылхасын Орынбасарұлы
– «Үздік эпизодтық рөл» – Разиев Асылхан Талғатұлы
– «Көрермен көзайымы» – Тынысбек Жұлдыз
– «ІІ пландағы үздік актриса» – Серкебаева Мақпал Тұрсынқызы
– «ІІ пландағы үздік актер» – Қасым Дүйсехан Анарбайұлы
– «Ең үздік актриса» – Кабошева Камшат Сақтағанқызы
– «Ең үздік актер» – Кенжебеков Эланар Рүстемұлы

«Алтын сақа» марапаты – театр ұжымының жыл бойғы еңбегін саралап, үздіктерді анықтайтын маңызды мәдени шаралардың бірі.