Skip to main content

Петропавлда «БОТАЙ» этно-пластикалық перформансының премьерасына орай пресс-конференция өтті

Петропавл қаласында «БОТАЙ» этно-пластикалық перформансының премьерасы аясында шығармашылық топтың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған пресс-конференция ұйымдастырылды. Шара барысында жоба авторлары қойылымның идеясы, мазмұны мен сахналық шешімдері туралы кеңінен айтып, көрерменге ұсынар жаңашылдығын таныстырды.

Перформанс көне Ботай мәдениетінің рухани және тұрмыстық болмысын заманауи пластика мен хореография арқылы жеткізуге бағытталған. Шығармашылық топ ұлттық тарих пен қазіргі өнердің үндестігін сахна тілінде бейнелеуді мақсат еткен.

Жобаның инсценировка авторы әрі режиссер-хореографы — Анна Цой. Қойылымға «Sensitive» би театрының көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикова да атсалысты. Драматургиясын Қолғанат Мұрат жазса, сценография мен костюмдерді Антон Болкунов әзірлеген. Музыкалық сүйемелдеуді композитор Нұрсұлтан Төреәлі жазып, жарық қою жұмыстарын Арсений Макаров жүзеге асырды.

Пресс-конференция барысында журналистер қойылымның дайындық кезеңі, шығармашылық ізденістер мен болашақ жоспарлар жөнінде сұрақтарын қойып, толыққанды ақпарат алды.

Айта кетейік, «БОТАЙ» этно-пластикалық перформансы – өңірдің мәдени өміріндегі маңызды премьералардың бірі болмақ.

WhatsApp_Image_2026-03-28_at_10.21.13.jpegWhatsApp_Image_2026-03-28_at_10.21.14_1.jpegWhatsApp_Image_2026-03-28_at_10.21.14_2.jpegWhatsApp_Image_2026-03-28_at_10.21.14.jpegWhatsApp_Image_2026-03-28_at_10.21.15_1.jpegWhatsApp_Image_2026-03-28_at_10.21.15.jpeg