Skip to main content

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында ел руханияты үшін ерекше қуанышты жаңалық айтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Солтүстік Қазақстан облыстық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры театрына академиялық мәртебе беру туралы ұсыныс жасады.

Бұл — театр ұжымының өнерге деген адалдығы мен ұлттық мәдениетті дамыту жолындағы еселі еңбегіне берілген жоғары баға. Жылдар бойы көрермен ықыласына бөленіп, қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан театр үшін бұл — тарихи әрі маңызды белес.