Театрымызда балаларға арналған «Балдәурен ойын әлемі» атты ойын-сауық бағдарламасы өтті. Театр әртістері балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырып, шаттыққа толы әсерлі сәттер сыйлады. Бағдарлама барысында балалар би билеп, белсенділік танытып, мерекелік кештің көркін қыздырды. Кішкентай көрермендер ертегі кейіпкерлерімен бірге көңілді уақыт өткізіп, көтеріңкі эмоция мен ұмытылмас әсерге бөленді. Осындай жарқын шаралар арқылы театр ұжымы балалардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, оларға қуаныш сыйлауды жалғастыруда.



