Қазақы нақыш пен заманауи стиль үйлескен әсем ұлттық киімдерді киген өнерпаздар қолдарына домбыра алып, қаламыздың басты алаңында ән шырқап, халқымыздың бай мұрасын көпшілікке паш етті.
Күмбірлеген күй мен әуелеген ән, ұлттық киімнің сән-салтанаты алаңға жиналған жұрттың назарын бірден аударды. Қала тұрғындары мұндай әсерлі көрініске таңданыстарын жасыра алмай, бірі ұялы телефонға түсіріп, бірі тамсана тамашалап, ерекше көңіл-күйге бөленді. Бұл сәттер ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырып, рухани серпіліс сыйлады.
Ұлттық киім күні құтты болсын!