Skip to main content

Наурызнаманың Ұлттық киім күні аясында театрымыздың әкімшілік-басшылық құрамы да бұл игі бастамадан шет қалмай

Наурызнаманың Ұлттық киім күні аясында театрымыздың әкімшілік-басшылық құрамы да бұл игі бастамадан шет қалмай, Ұлттық киім күніне орай қазақы нақыштағы киімдерді киіп, күнделікті қызметтерін атқаруда. Бұл – тек мерекелік көрініс қана емес, ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге деген шынайы құрметтің белгісі.

Ұжым үшін ұлттық киім – сахнамен ғана шектелетін образ емес, ол күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналған. Театр қызметкерлері қазақы киімнің көркемдігі мен маңызын дәріптеп, оны тек мереке күндері емес, күнделікті тұрмыста да киіп жүруді дәстүрге айналдырған.

Мұндай бастама ұлттық болмысты жаңғыртып, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.