Skip to main content

Сәбең театрының әртістері Ұлыстың ұлы күні

Сәбең театрының әртістері Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай өңір тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Театр ұжымы Есіл ауданының Явленка ауылында және Тайынша ауданында өнер көрсетіп, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін жарқын бағдарламасын ұсынды.

Көрермендер назарына ән мен би, театрландырылған көріністер ұсынылып, мерекелік кеш ерекше әсерге толы өтті. Өнерпаздардың өнеріне жиналған жұртшылық ризашылығын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

WhatsApp_Image_2026-03-30_at_20.57.45.jpeg