Skip to main content

ТЕАТР МАУСЫМЫ ТАБЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры өзінің 27-ші театр маусымын көрерменге жол тартқан «Түс» қойылымының премьерасымен салтанатты түрде қорытындылады.

 

Өнер ұжымы үшін бұл маусым мазмұнды жобаларға, шығармашылық ізденістерге және жарқын жаңалықтарға толы болды. Жыл бойы театр сахнасында бірнеше жаңа қойылым көрерменге ұсынылып, олардың әрқайсысы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

 

27-ші театр маусымының ерекшелігі – халықаралық шығармашылық байланыстардың нығаюы болды. Театрға шетелдерден және Қазақстанның әр өңірінен танымал режиссерлер келіп, актерлермен бірлескен жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде жаңа қойылымдар сахналанып, тың идеялар жүзеге асырылды.

 

Сонымен қатар маусым барысында түрлі мәдени іс-шаралар, шеберлік сабақтары, шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды. Театр ұжымы тәжірибе алмасып, кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер өнер адамдарының өзара байланысын күшейтіп, шығармашылық дамуына серпін берді.

 

Маусымның қорытындысы болған «Түс» спектаклі де көрермен тарапынан жоғары бағаланып, театрдың кезекті шығармашылық жетістігіне айналды. Қойылым адам жанының терең қатпарларын ашып, көрерменді ойға жетелейтін мазмұнымен ерекшеленді.

 

Осылайша, Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының 27-ші маусымы жаңа премьералармен, халықаралық ынтымақтастықпен, тәжірибе алмасу алаңдарымен және шығармашылық жетістіктермен есте қалды. Өнер ұжымы алдағы маусымда да көрерменін жаңа жобалармен қуантуды жоспарлап отыр.