Skip to main content

СҚО-да Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің өкілдігі ашылады

СҚО-да Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің өкілдігі ашылады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті еліміздегі дарынды жастардың білім алып, шығармашылық тұрғыдан дамуына жағдай жасап келеді.

Бүгінде Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті – музыка, театр, бейнелеу өнері, кино және теледидар, арт-менеджмент және өзге де шығармашылық бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын еліміздегі жетекші өнер оқу орындарының бірі.

Солтүстік Қазақстан облысында университет өкілдігінің ашылуы өңір жастарының шығармашылық әлеуетін дамытуға серпін беріп, дарынды жастардың кәсіби білім алуына жол ашады.

Талапкерлерді қабылдау «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша мынадай білім беру бағдарламаларының топтары негізінде жүргізіледі:

Театр өнері
Бейнелеу өнері
Вокал өнері
Дәстүрлі музыка өнері
Эстрада өнері
Кино және теледидар режиссурасы

2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау және оқуға түсу мәселелері бойынша кеңес беру жұмыстары 2026 жылғы 20 маусым мен 6 шілде аралығында Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайында жүргізіледі.

Айта кету керек, университет өкілдігінде білім алу үшін 100 білім беру гранты бөлінді. Студенттер үшін 250 орындық концерт залы бар заманауи оқу корпусы салынады.

Қабылдау емтихандары 2026 жылғы 7 шілдеде басталады.

☎️Қабылдау комиссиясының байланыс нөмірлері:
8 (7172) 47-20-40 (ішкі нөмірі 724);
+7 707 560 1658 (WhatsApp арқылы тек жазбаша хабарламалар қабылданады).