Солтүстік Қазақстан өңірі үшін маңызды жаңалықтардың бірі – Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті филиалының алғаш рет өңірімізде ашылуы.
Осыған орай театрымыздың директорының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары Жаменов Асқар Махметұлы мен театрымыздың көркемдік жетекшісі Даурен Мұратұлы Есіл ауданындағы мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізіп, университеттің Солтүстік Қазақстандағы өкілдігінің ашылуы туралы кеңінен ақпарат берді.

Кездесу барысында театр өнерінің қыр-сыры, актерлік шеберлік пен шығармашылық мамандықтардың ерекшеліктері түсіндіріліп, өнер жолын таңдауға ниетті жас талапкерлерге бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар, оқуға түсу тәртібі мен болашақ мүмкіндіктер жайлы жан-жақты мәлімет ұсынылды.
Өнерге құштар жастар үшін бұл – туған өңірден шықпай-ақ кәсіби білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашатын үлкен мүмкіндік. Кездесу барысында жас түлектерге осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өз армандарына батыл қадам жасау қажеттігі айтылды.🎭
#мұқановтеатры
@sqomadeniet