Skip to main content

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен «Ата-аналар мен кәмелетке толмаған балалардың әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру болды.

IMG_3647

Кездесу барысында қатысушыларға ата-аналардың өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, заң талаптарын сақтау мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.