Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасы аясында елімізде «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны өтуде.
Марафон аясында Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында театр ұжымы мен Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бірлесуімен көрнекті жазушы, драматург Дулат Исабековтің «Сүйекші» повесіне арналған кітап талқылауы өтті.
Кездесуде шығарманың идеялық-көркемдік табиғаты, онда көтерілген адамгершілік, ар-ождан, әлеуметтік теңсіздік мәселелері талқыланып, қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.