Skip to main content

«Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны өтті

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының драма әртістері мен Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесіп, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 7-сынып оқушыларымен Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесін талқылауға арналған әдеби кездесу өткізді.

WhatsApp Image 2026 10 13 at 12.41.19

15 қазан – ұлт әдебиетінің көрнекті жазушысы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған кездесуде оқушылар мен спикерлер шығарма төңірегінде пікір алмасып, повестің негізгі идеясы мен кейіпкерлер тағдырына тоқталды.

WhatsApp Image 2026 10 13 at 12.41.19 1

Әдеби кездесу оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту, шығармаларды терең түсініп, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

#КітапОқитынҰлт #ЖусанИісі #СайынМұратбеков #СәбитМұқановТеатры