Театр директоры «ҚҰРМЕТ» Орденімен марапатталды

2018 жылдың 15-желтоқсанында Петропавл қаласында Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында облыстық салтанатты жиын өтті.
Сахнада Самал Еслямова мен С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртістері Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.
Сондай-ақ, жиын барысында облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов жұртшылықты мерекемен құттықтап, мемлекеттік наградаларды табыстады.
Облыс әкімі ҚР Президентінің жарлығымен театр директоры Біржан Жалғасбаевты «ҚҰРМЕТ» Орденімен марапаттады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгіленген «Құрмет» Орденімен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, бiлiмдi дамытуға сіңірген еңбектері үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталатынын атап өту жөн болар.