Архивтегі қойылымдар

Элгар Авеню

Элгар Авеню

Қарапайым британ есепшісі Генри Перкинс жұмыстан үйіне келе жатқан бойда метрода өз дипломатын өзгемен абайсызда ауыстырып алып қомақты ақшаға тап болады, дәлірегін айтқанда «МИЛЛИОН ЖЕТІ ЖҮЗ ЕЛУ МЫҢ ФУНТ СТЕРЛИНГ!» Міне ғажап!!! Күнделікті өмірінен жалыққан қарапайым есепші үшін бұл - өмірін өзгертуге таптырмас мүмкіндік. «Бүкіл арманым орындалмақ» деді Генри. Алайда бәрі ол ойлағандай оңай бола қоймас. Бұндай қомақты ақшаның заңсыз жолмен иеленгені, тіпті қылмыстық топқа тиесілі екені айтпаса да түсінікті. Одан қорыққан Генри жоқ, өз арманына жетуге барын салмақ. Тек дипломат соңынан келетіндер Генримен келісе қояр ма екен?

Ұлпан

Ұлпан

Өзінің бірегей болмысымен қазақ қызының қайсар мінезін, рух-жігерін тайға таңба басқандай кескіндей білген күрескер де батыл әйел – Ұлпан анамыз. Ұлпан «ерді кебенек ішінде таны» дейтін халық даналығынан туған дарқан мінез, халқының ризық-берекесін қарақан басының бақытынан артық санаған өте ақылды, дана, дегдар әйел болуымен баурайды.

Шолпанның күнәсі

Шолпанның күнәсі

Әңгіменің бас кейіпкері Шолпан - әртүрлі сыртқы жағдайлардың және ішкі толқыныстардың нәтижесінде үнемі өзгеріп, дамып отыратын бейне. Шолпан - қасірет жамылған қайғылы әйел. Өзінің бақыты үшін күнделікті өмірін тәрк етіп, тәуекелге бел байлаған қайсар әйел. Шолпан, Сәрсенбай, Әзімбай араларындағы байланыста реалистік шындық, психологиялық сенім жақсы бейнеленген.

Шолпанның күнәсі - Сәрсенбайды шынайы сүйгендігі. Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген оның Сәрсенбайға деген махаббаты еді. Егер де Сәрсенбай Шолпанмен ашылып сөйлесіп, сырласып, жанына жақын тартқанда, мүмкін Шолпан ондай әрекетке бармас еді. Шолпан бала зарын бір өзі тартып, жоқты бір өзі іздеуге мәжбүр болады. Шолпан өзіне-өзі сауал қойып, сол қойылған сауалдарға өзі жауап іздейді. Сәрсенбай Шолпанға: "Мен сенен бала сұрадым ба?", - дейді. Шолпан не үшін Әзімбайды таңдады? Шолпан не себепті Сәрсенбайға іштегі сырын айтпады? Осы сынды сауалдарға жауап іздеу барысында біз Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген Сәрсенбай екендігіне көз жеткіземіз.

12 Minut (Treplev ertegisi)

12 Minut (Treplev ertegisi)

200 мың жылдан кейін не болады?
Ештеңе, тек 200 мың жыл артта қалады.
Жоғалмаған мәні мен тереңі әлі
Қояды бәрі ескірмес қарт «шағаланы»…

Tolqyndy Arpalys

Tolqyndy Arpalys

Адам армандағанда әлем тып-тыныш тұрады. Тулап жатқан теңіз де, шулап жатқан толқын да, қайнап жатқан тірлік те, қинап жатқан адамдар да оған кедергі емес. Ол теңіз бетіндегі ырылдасқан адамдарға емес, алыстағы іңірге қарап арманының шұғыласын іздейді.

Адам армандағанда толқын құтырады. Ал адамға бәрібір... Ол толқынға қарсы жүзеді, толқынды кесіп арманына жетеді.

Шырайлы мекен

Шырайлы мекен

«Ауылдан адам көшкенмен,
Адамнан ауыл көшпейді…»

Көздеріңізді жұмыңыздаршы… енді ауылдарыңызды елестетіңіздер, тыныштық, көкорай, жайқалып өскен гүлдер, тып-типыл егін, барлық жан рахаты құдды сол ауылда секілді. Бірақ ауылдан кетуге асығатындар да аз емес, біз спектакльде дәл осы мәселені көтергіміз келді. Ауылда тұратын адамдар өте бақытты, олар күйбең тірлікке қажып кетпеген! Егер сіз өз ауылыңызды, туған жеріңізді сағынып жүрсеңіз онда біздің қойылымымызға міндетті түрде келіңіз. Біз сізге өзіңіздің шырайлы мекеніңізді көрсетеміз!

Жындының жазбалары

Жындының жазбалары

Армандары мен мақсаттары, ұмтылыстары мен сағыныштары бар өзіндік әлемінде оның жындыға айналғаны ма, әлде қоғамның есі ауысқаны ма?

Шинель

Шинель

Театрды ұлықтайтын жандармен басымызды біріктіріп «Шинель» қойылымының режиссері Батыр Колаевты сотқа берсек пе екен? Қайдан ғана пайда болды бұл, сәбидің күлкісімен, бойы кіп-кішкентай ұсқынсыз Башмачкин? Ол өзі кім? Қыз ба, әлде ұл ма? Ол жынысқа бөлінбейді.

Бұл адамзаттың жаратушы алдындағы кейіпі. Башмачкин мен шинель арасындағы байланыс тағдыр сияқты сәзсіз, басты айналдырып, арбап, алдап, жойып жіберед. Қойылымда Акакийдің жанында жындар, елестер жүреді, мүмкін біздің бүгінгі тіршілігіміз, фантосмагориялық аспан әлеміне дейін көтеріліп, шарықтап, өзідік сиқырын көрсетіп жатқан шығар.

Дегенмен режиссердің үстінен сотқа шағымданбай тұрармыз. Спектакльді тіпті кескіндеп жатып әсеріне кіріп кетеді екенсің. Өзге дүниелік құбылысқа толы, «шинель» мистикалық көрініске айналып кетті. Мұның барлығы «Шинель» қойылымының жаңаша интерпретациясында өзіндік ерекше атмосфера құрастырады.

Кейіпкерлер мен орындаушылар

  • Акаки Акакиевич Ислам Жақсылық.
  • Маңызды тұлға Дулат Ташкенов.
  • Шенеулік Эланар Кенжебеков, Дүйсехан Қасым, Нұрасыл Шегетай.
  • Бөтке күзетшісі Думан Тұрсынжан.
  • Басшы Дінмұхамед Серікұлы.
  • Басшының әйелі Камшат Кабошева.
  • Полицейский Әділжан Каримов, Нұрбол Асқаров.
  • Маңызды тұлғаның әйелі Гулмира Әлет.
  • Үй қожайыны Құртқа Мусина, Мақпал Серкебаева.
  • Тігінші Нұрхан Салауатов.
  • Суыр Гүлдана Асқарова.
  • Күзетшілер Нұрсұлтан Төлебаев, Сүндет Асан.
  • Маңызды тұлғаның қызы Зарина Амангельнова, Гулмира Әлет.
Қарапайым адам

Қарапайым адам

Авторы: Бранислав Нушич /Сербия жазушысы, драматург/

Қазақшаға аударған: Алтынай Сагатова

Қоюшы режиссері: Барзу Абдураззаков /Тәжікстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, режиссер/

Суретшісі: Галия Кожахметова /ҚР суретшілер одағының мүшесі/

Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 10 минут

«Қарапайым адам»

(комедия)

Құдай – ол махаббат!

Әлем – махаббат үшін жаралған.

Адам – ​​махаббаттың туындысы.

Адам махаббатпен жаратылған және оның әлемдегі мақсаты - сүйіспеншілікті қабылдау және бөлісу.

«Қарапайым» адамдар жоқ. Құдіретті күштің ең ғажайып жаратылысы болғандықтан әрбір адам ұлы, ерекше.

Таң бозындағы әр шықтың тамшысынан әлем көрінеді, кіп-кішкентай мөлдірлікке еніп кеткен шексіз әлемнің бұл сәті сіздер үшін қарапайым құбылыс болуы мүмкін. Бірақ, күнделікті көзіміз үйренген қарапайым құбылыстан үлкен ұлылықты байқауға болады.

Дегенмен, біздің келтіріп тұрған мысалымыз қарапайым кіп-кішкентай тамшы туралы. Ал, сіздерге ұсынар қойылымымыз әдеттегіден ерекше болмақ.

Шинель

Шинель

Театрды ұлықтайтын жандармен басымызды біріктіріп «Шинель» қойылымының режиссері Батыр Коллаевты сотқа берсек пе екен? Қайдан ғана пайда болды бұл, сәбидің күлкісімен, бойы кіп-кішкентай ұсқынсыз Башмачкин? Ол өзі кім? Қыз ба, әлде ұл ма? Ол жынысқа бөлінбейді. Бұл адамзаттың жаратушы алдындағы кейіпі. Башмачкин мен шинель арасындағы байланыс тағдыр сияқты сөзсіз, басты айландырып, арбап, алдап, жойып жібереді. Қойылымда Акакийдің жанында жындар, елестер жүреді, мүмкін біздің бүгінгі тіршілігіміз, фантосмагориялық аспан әлеміне дейін көтеріліп, шарықтап, өзіндік сиқырын көрсетіп жатқан шығар.

Дегенмен режиссердің үстінен сотқа шағымданбай тұрармыз. Спектакльді тіпті кескіндеп жатып әсеріне кіріп кетеді екенсің. Өзге дүниелік құбылысқа толы, «шинель» мистикалық көрініске айналып кетті. Мұның барлығы «Шинель» қойылымының жаңаша интерпретациясында өзіндік ерекше атмосфера құрастырады.

Авторы: Н.В.Гоголь

Қоюшы режиссер: Батыр Колаев

Суретші: Ахметова Ботагөз

Аудармасын жазған: Жамиль Қайратұлы

Хореограф: Косикова Шолпан

Дирижер: Марат Жакупов

Кейіпкерлер мен орындаушылар

Акаки Акакиевич – Ислам Жақсылық.

Маңызды тұлға– Дулат Ташкенов.

Шенеулік – Эланар Кенжебеков, Дүйсехан Қасым, Нұрасыл Шегетай.

Бөтке күзетшісі– Думан Тұрсынжан.

Басшы– Дінмұхамед Серікұлы.

Басшының әйелі – Камшат Кабошева.

Полицейский – Әділжан Каримов, Нұрбол Асқаров.

Маңызды тұлғаның әйелі – Гулмира Әлет.

Үй қожайыны – Құртқа Мусина, Мақпал Серкебаева.

Тігінші – Нұрхан Салауатов.

Суыр – Гүлдана Асқарова.

Күзетшілер – Нұрсұлтан Төлебаев, Сүндет Асан.

Маңызды тұлғаның қызы– Зарина Амангельнова, Гулмира Әлет.

Театр директоры: Б.Жалғасбаев /ҚР мәдениет қайраткері/

Театрдың көркемдік жетекшісі: Д.Тойбазаров /ҚР мәдениет саласының үздігі/

Жандының жазбалары

Жандының жазбалары

Авторы: Николай Васильевич Гоголь

Қоюшы режиссер: Адыкенов Думан Қайроллаұлы

Қоюшы суретші: Ахметова Ботагөз Ерболқызы

Дыбыс беруші: Б.Ниязов

Жарық беруші: Н.Қожахин

Киім цехының меңгерушісі: Ұ.Абілмажинова

Грим цехының меңгерушісі: С.Емелева

Аксентий Иванович Поприщин: Разиев Асылхан Талғатұлы,

ЭСТД дара төс белгісінің иегері

Қасым Дүйсехан Анарбайұлы

Аннотация

Сәбең театрында менің «жындының жазбалары» атты шығармам сахналанбақ. Ол жақта Аксентии Иванович Поприщин бірнеше айлар бойы күнделігін жазып, уақыт өте өзінің есін жоғалта бастайды. Досы, атақ-даңқы мен үлкен лауазымы жоқ кішкентай адамның қиындық туса өзіндік әлемге тығыла кететін... Өзіндік әлемінде армандары мен мақсаттары бар ұмтылыстары мен сағыныштары бар, сондықтанда осы тұста расында да оның жындыға айналғаныма, әлде қоғамның есі ауысқан ба деген сұрақ туындайды... Менің қаламымнан бастауын алған, әзіл мен сарказмға, адамның ішкі трагедиясына толы шығарманы сахнадан көре аласыздар.

Ізгі ниетпен Н.В.Гоголь

«Кішкентай адамның үлкен трагедиясы»

«Кішкентай адамның үлкен трагедиясы»

(қалжыңсыз комедия)

Авторы: А.Чехов

Қоюшы режиссеры: Б.Шамбетов «Мәдениет қайраткері»

Суретшісі: С.Ниязакунов

Орыстың ұлы жазушысы А.П.Чеховтың «Қорғансыз жан», «Қаскүнем», «Жуан мен жіңішкеден», «Қонақ», «Дипломат», «Ынжық» атты әңгімелерінде адамның надандығын, билік пен қарапайым шаруа санасының түйіспеуін, жағымпаздықтың жиіркенішті көрінісін, ақшаның алдында адамгершіліктің құнсыздануын, ащы шындықтан қарағанда, тәтті өтірікке құмарлығын, құлдық сананың адам бойына сіңіп кеткенін көрсетеді. Осы оқиғаларды «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» атты бір қойылымда тоғыстырған туындының көтерген тақырыбы өте ауқымды, әрі өзекті. Қалжыңсыз комедия жанрындағы қойылымда күлкілі жағдайлар көп орын алуы мүмкін, бірақ оның арғы жағында үлкен трагедия жатыр. Қойылым өмір шындығына терең бойлап, қоғам кеңістіктеріндегі әлеуметтік-философиялық тақырыпта ой қозғайды. Адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты екендігін естен шығармауы тиіс. Автор құлдық сананың тамшыларын адам бойынан сығып алудың керемет үлгісін көрсетеді. Ол заманауи эффектілерден бас тартып, бет пердесіз шынайылыққа бір қадам жақындата түседі.

Ең жақсы әйел

Ең жақсы әйел

Дөкей келе жатыр

Дөкей келе жатыр

Құлеке батыр

Құлеке батыр

Қаңбақ шал

Қаңбақ шал

Режиссері: Дәурен Тойбазаров /ҚР мәдениет саласының үздігі/

Суретшісі:Әлия Ұмекенова

Хореографы:Жанна Хамитовна

Қойылым ұзақтығы: 50 мин

Премьера болған күні: 13.03.2020 ж

Кейіпкерлер мен қатысушылар

Қаңбақ шал: Ислам Жақсылық

Нұрсұлтан Тюлюбаев

Кемпір: Құртқа Мусина

Гүлназ Гайнулина

Әжелер: Кәмшат Кабошева

Ұлжан Қаламышова

Актер: Асылхан Разиев

Әділжан Каримов

Қара дәу: Нұрбол Асқаров

Тұрақ Дұрысбеков

Қызыл дәу: Гүлмира Алет

Жанар Насырова

Түлкі: Гүлдана Асқарова

Қаңбақ шал

(халық ертегісі)

Білектінің бірді жығары анық. Ал, білімдінің мыңға төтеп берер қауқары бар. Бұл ертегі өскелең ұрпақты ұрда-жық жұдырыққа емес, ақыл мен еңбекке үйір болуға шақырады. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап» -деп, Абай хакім айтқандай өмірлік күш пен рухани қуаттың қайнар бұлағын нұсқайтын халық ертегісі жас бүлдіршіндерімізді тәлім мен тәрбиеге, өсиет пен өнегеге, білім мен еңбеке баулитын көркем дүние екендігі даусыз.

Бесік жыры мен ертегі тыңдап өскен ұрпақтың ой өресі кең, көкірек көзі ояу болары сөзсіз. Бұл ертегі жас көрермендерімізге келелі кеңес, рухани азық береді деп сенеміз.

Эта сказка побуждает подрастающее поколение к умственному и трудовому труду "Верь в себя, возьми себя в руки,

Как сказал Абай Хаким, народная сказка, указывающая на источник жизненной силы и духовной энергии, призвана научить и воспитать наших детей, привить им заповедь и нравственность, воспитание и труд.

Слушая колыбельные и сказки, подрастающее поколение будет иметь широкий кругозор и бодрое зрение. Надеемся, что эта сказка даст нашим юным зрителям совет, духовную пищу.

Қойылым бөлімінің меңгерушісі: С.Емелев

Режиссердің көмекшісі: З.Қожамбетова

Режиссердің ассистенті: Ә.Каримов

Әдебиет бөлімінің меңгерушісі: Н.Әбділ

Дыбыс цехының меңгерушісі: Б.Ниязов

Жарық цехының меңгерушісі: М.Дулат

Тігін цехының меңгерушісі: К.Жұмағұлова

Киім цехының меңгерушісі: Б.Шакенова

Реквизит цехының меңгерушісі: А.Балқыбекова

Ағаш цехының меңгерушісі: М.Құнысбеков

Суретші, безендіруші: С.Ғаббасов

Сахна құрастыру цехының меңгерушісі: Н.Қожақин

Темір ұста бөлімінің меңгерушісі: А.Канайкин

Театр директоры: Б.Жалғасбаев

/ҚР мәдениет қайраткері/

Театрдың көркемдік жетекшісі: Д.Тойбазаров

/ҚР мәдениет саласының үздігі/

«Толық адам»

«Толық адам»

Авторы: Абай Құнанбаев

Қоюшы режиссері: Ф. Молдағали

Суретшісі: А.Сырбаева

Хореограф: Р.Фазылова

Жас аралығы: +12

Ұзақтығы: 1 сағ. 10 мин.

Абай Құнанбаевтың «Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір ғажап адаммын оны да ойла» -деп,

бізге қалдырған өсиетін ұғына алдық па? Туғанына 175 жыл толған хакім Абайдың қазынасын қаншалықты игердік, жан-дүниесін толық түсіндік пе? Бұл, бүгінгі әр қазақтың өзіне қояр сұрағы. Абай заманындағы қамсыздық, жалқаулық, мансапқорлық, енжарлық, мал шашпақтық, мақтаншақтық бүгінгі таңдағы ел ішінде де ескірмей келе жатқан ең өзекті ахуал болып тұр. Бұл қойылым Абай хакімнің қанша ғасыр өтседе өшпес, өлмес тұлға екендігін тағы бір дәлелдемек. Абай қара сөздеріндегі ащы сын мен ашынған ойды ХХІ ғасыр көзімен көріп, көрерменнің ойланып кетері даусыз.

Венециялық егіздер

Венециялық егіздер

(Комедия)

Авторы: Карло Гольдони

Қоюшы режиссері: Баатырбек Шамбетов

Қоюшы суретшісі: Садыр Ниязакунов

Балетмейстері: Жанна Темербаева

Дирижері: Марат Жакупов

Италиялық драматург Карло Гальдонидің шығармаларын айтқанда есімізге бірден Дель арте стилі түсетіні белгілі. «Венециялық егіздер» спектакліндегі актерлер қимылы, мимикасы және костюмдары көз алдымызға нағыз Дель артені елестеді.

Бірге туған егіздердің бірін әкелері баласы жоқ алыс ауқатты туысқанына береді. Екі бөлек отбасында тәрбиеленген егіздердің түрлері ұқсас болғанымен жан-дүниелері мүлдем кереғар. Бірде Дзанэтто мен Тонино есімді егіздер Венецияда бір қызға ғашық болады. Бойжеткенде оның айналасындағылар да оларды ажырата алмай, қойылым барысындағы оқиғалар тізбегі шиеленіскен сайын езуімізге күлкі үйіріледі. Спектакльде актерлар сахна сыртындағы дайындығымен қатар образдарын сомдап бір мезгілде театрдағы театрды көрсетеді.

«Венецианские близнецы» - это легкая и изящная комедия по одноименной пьесе итальянского драматурга Карло Гальдони в точном следовании канонан комедии Дель арте.

Сюжет истории прост и незамысловат – два брата близнеца Дзанэтто и Тонино, не подозревающие о существовании друг друга, влюбляются в одну и ту же девушку. В этой путанице будет и смех, и слезы, и коварство, и конечно же счастливая развязка.

Сиқырлы аса таяқ

Сиқырлы аса таяқ

Елім-ай

Елім-ай

(тарихи драма)
Авторы: С.Жүнісов
Қоюшы режиссері: С.Қамиев
Қоюшы суретшісі: А.Сырбаева
Биін қойғандар: А.Цой
Жас аралығы: 10+
Ұзақтығы: 1 сағ., 20 мин

 

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сахналанды

Ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы, ақылмандардың ісі сынға түскен кер заман...
Орамды ойларымен, отты жырларымен елдің, жердің тағдырын жырлаған ордабасы Қожаберген жырау...
Тоқсан толғанып, сексен ширатылған қазақтың Төбе биі атанған Төле би...
Қиыннан қиыстырып, жұрт тағдырын жақсылығымен шеше білген Қаз дауысты Қазыбек би...
Күрмеуі қиын істерді әріден шешетін Әйтеке би...
Бала Сабалақтың ерлігімен басталған, Абылай ханның даналығымен ұласып, ел тағдырын шешу жолындағы жанкештілігі, ата жауымыз жоңғардан азат етуі, көрерменді рухтандырып, тарихтың тағылымына ой салатын қойылым.