21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде театрымыздың директоры, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жалғасбаев Біржан Нұрмаханұлы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды!
Театрымыздың «Sensitive» би театры Астана қаласында «Аманат» партиясының қолдауымен өткен «ЖАН ШУАҚ» жалпы марапаттау рәсіміне қатысып «Мәдениет саласындағы ерекше жетістіктері үшін» номинациясының иегері атанды! Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болсын!
2024 жылдың наурыз айында театр ұжымы РФ Санкт-Петербург қаласында өткен «Монокль» моноспектакльдер фестивалінде Д.Адыкеновтің режиссерлігімен қойылған Н.Гогольдің «Жындының жазбалары» спектаклімен 3-ші орынды жеңіп алды.
Мерекелік шараның шымылдығын ашып, аталмыш мекеменің басшысы Акимжанов Арстан Мырзахметович құттықтау сөз сөйледі. Мың бұралған бишілер, театр өнерпаздары балалармен алуан түрлі ойындар ойнатып, сауық-сайран салды. Мерекелік базарлық беріліп, балалар мәз-мейрам болды. Шара соңында мекеме директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен балалар театр ұжымына ыстық ықыласын білдірді.
Сәбең театрының ішінен құрылған «Sensitive» би театры РФ Мәскеу қаласында өткен «Incuslive Dance» Халықаралық қайырымдылық конкурс фестивалінен төрт бірдей бірінші орын және гран-приге ие болып келді! «Sensitive» би театрының ұжымын шын жүректен құттықтай отыра, толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
2023 жылы Н.Думбадзе атындағы IV Халықаралық театрлар фестивалінде Б.Абдураззаковтың режиссерлігімен қойылған Н.Думбадзенің «Кукарача» қойылымы «Ең үздік интерпретация» номинациясын жеңді және театр актрисасы Жанар Насырова қазылар алқасының шешімі бойынша Инга рөлімен «Үздік шетел актрисасы» атанды.
Бүгінгі заман талабына сай әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Осыған орай, 2022 жылдың 16 наурызында театрдың әкімшілік-басқарушылық персоналына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы жөнінде түсініктеме әңгімесі жүргізілді. Аталмыш заңнама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және ҚР-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. Түсініктеме әңгімеге қатысқан жұмыскерлерге ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 4, 5, 9, 11 баптарның нормалары жан-жақты әрі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға ҚР-ның «Салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Заңына сәйкес кезең-кезеңімен жаппай декларация тапсыру ережелері түсіндірілді, оның ішінде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап квазимемлекеттік сектордың жұмыскерлері мен олардың жұбайлары міндетті түрде декларация тапсыратындығы жөнінде хабардар етілді.
Аталған іс-шара кәсіпорынның 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының негізінде жүргізілді.
Дәл осы жылы театры ұжымы Түркия елінде Денизли және Стамбул қалаларында өткен екі бірдей фестивальге Құбылай Ерделикараның режиссерлігімен сахналанған Жан-Батист Мольердің «Сараң» комедиясымен бақ сынасып келді.
Мамыр айының 5-інші жұлдызында Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында көркем биден Еуразия чемпионатының 1-орын иегерлері, «Silk way» хореографиялық өнердің халықаралық фестиваль-конкурсының гран-при иегерлері, «ШОУМИР ДОМ СОЛНЦА ЕГИПЕТ» халықаралық шығармашылық фестивалінің гран-при иегерлері "Sensitive" би театрының мерейтойлық қайырымдылық концерті өтті. Шараның шымылдығын ашып, облыс әкімінің орынбасары Ғани Сақтағанұлы би театрын 15 жылдық мерейтойларымен құттықтап, ұжымға Алғыс хатын, үш жүз мың көлемінде сертификатын табыстады. Сән-салтанаты келіскен шарада өнер иелері әсем әндер шырқап, мұң барала би биледі. Кеш қонақтары "Алуа", "Арай" би ансамбльдері, "Melomix" триосы өнер көрсетті. Мерекелік іс-шараның соңында облыс әкімі атынан ықылас гүлі табысталды.
Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Жүсіпбек Аймауытовтың сатиралық шығармасы “Сылаң қыз” қомедиясының негізінде сахналанған спектакльдің тұсаукесері болды. Қойылымда өткен ғасырдың 20-шы жылдарындағы қазақ ауылының тұрмысы, сол замандағы әйел теңсіздігі әжуаланды. Әртістер бар шеберліктерін көрсетіп, көрерменді қыран-топан күлкіге қарық қылды.
– Бұл спектакль – менің алғаш¬қы ре¬жиссерлік еңбегім. Жүсіпбек Аймауытовтың “Сылаң қыз” пьесасын сахнаға шы¬ғару біраздан бері ойымда жүр еді. Міне, соның сәті түсті. Жүсіпбек Аймауытовтың көптеген шығармаларында сол уақыттағы әйел еркіндігі, әйел теңдігі бейнеле¬неді. Шығармада қыз баланың оқы¬май, қараңғы түнек қоғам ішінде қалып қойғаны, өз еркімен өз теңіне қосыла алмайтыны, әке әмірі мен мал дүниеге сатылатыны және жігіттердің қызға қандай мақсатта сөз салатыны көрсетілген. Осы қойылымды сахналау арқылы біз ата-аналарға қыз тәрбиесіне көңіл бөліп, жүріс-тұрысына селқос қарамауды әзілмен жеткізуге тырыстық. Көрермендерге аз да болса ой салсақ, біз үшін бұл үлкен жетістік болмақ, – дейді Сәбит Мұқанов атындағы қазақ саз¬ды-драма театрының көркемдік жетекшісі Дәурен Тойбазаров.
Комедияда қоғамның үш түрлі өкілінің сауда-саттықпен айналысатын байдың жалғыз қызы Бәтимаға сөз салған сәті суреттеледі. Өз қам-қарекетін, өмір сүру сал¬тын, саяси көзқарасын қызға түсіндіремін деп қара терге түскен үш жігіттің іс-қимылынан мешеу қоғамның көрінісі көз алдыңызға елестейді. Бірақ Бәтима еркіндікті армандайды. Осы арманға қол жеткізу жолында бойжеткен көптеген оқиғаларды басынан кешіреді.
Көрермен Бәтима рөлін сомдаған театрдың әртісі Гүлмира Әлеттің өнеріне ризалық білдірді. Өзге де сахнагерлердің шеберлігіне тәнті болып, қойылымнан ерекше әсер алды.
Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.
2024 жылдың қыркүйек айында Павлодар қаласы Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында өткен «Ертіс-Баян» І Республикалық театрлар фестивалінде Баатр Колаевтің режиссерлігімен сахналанған Николай Гогольдің «Шинель» қойылымымен бақ сынасып театр актері Ислам Жақсылық Акакий рөлі үшін «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын жеңіп алды.
С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Ақтөбе қаласында өткен V Халықаралық "Балауса" экспериментальды спектакльдер фестивалінде "ҮЗДІК АКТЕРЛІК АНСАМБЛЬ" номинациясының иегері атанды!?
Аталмыш фестивальде Б.Нушичтің "Қарапайым адам" комедиясы сахналанды.
Фестивальге 8 театр қатысқан, олардың ішінде Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, ШҚО «Дариға-ай» жастар театры, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Мемлекеттік қуыршақ театры, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры және Ресейден А.С.Пушкин атындағы Орск мемлекеттік драма театры қатысты.
Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры сахнасында Кеңес одағының батыры, Ленин және Қызыл жұлдыз ордендерінің иегері – Ысқақ Ыбыраевтың 110 жылдығына орай "Ысқақ" вербатим драмасының премьерасы өтті. Қойылым авторы жас театртанушы – Нұрислам Әбділ. Қоюшы режиссері – Фархадбек Қанафин.
Кешкі 18:00-де қойылым төңірегінде БАҚ өкілдерімен пресс конференция өтті. Аталмыш кездесуде Ысқақ Ыбыраевтың ұрпақтары қатысып сөз алды.
19:00-де "Ысқақ" қойылымның шымылдығы түрілді. Спектакльді көрермен ыстық ықыласпен қабыл алды.
2024 жылдың мамыр айында Сәкен сері Жүнісовтің 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Сәлем» ІІ Халықаралық комедиялық қойылымдар фестивалінде Қ.Ерделикараның режиссерлігімен қойылған Ж.Мольердің «Сараң» спектаклімен «Үміт» номинациясының иегері атанды.
Дайындықтың дүйім жұртын шығармашылық ұжым өз өнерлерімен тамсандырды. Сондай-ақ, Халықаралық театр күніне орай концерт барысында викториналық сұрақтар өз көрінісін тапты. Дұрыс жауап берген дарынды жандар театр қойылымдарына билеттер ұтып алды. Мерекелік шараның соңында «Дайындық-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Шаймерденов Біржан Әбділманұлы театр ұжымына шынайы алғысын білдірді. Ауыл тұрғындары да концерттен көтеріңкі көңіл-күймен шығып, өнерпаздарды ризашылық сөздерімен жаудырды.
15-қыркүйек күні театрымыз мәртебелі көрерменге тарихи жаңа қойылымның тұсауын кесті.
Кеңес одағының батыры, Ленин және Қызыл жұлдыз ордендерінің иегері, даңқты жерлесіміз – Ысқақ Ыбыраевтың 110 жылдығына орай "Ысқақ" вербатим драмасының премьерасы өтті.
Пьесса авторы :Нұрислам Әбділ.
Қоюшы режиссері:Фархадбек Қанафин.
Қоюшы суретшісі:Ботагөз Ахметова
Биін қойған:Жанна Темербаева
Қойылым алдында Ысқақ Ыбыраевтың құрметіне тарихи жәдігерлерден көрме жасалып, әрі қойылымның өзектілігі мен батыр бабамыздың ерлік, қайраткерлігі турасында БАҚ өкілдерімен пресс конференция өтті.
Барша театр сүйер көпшілікті жаңа маусымның ашылуымен шын жүректен құттықтаймыз. Келіңіздер! Премьера құтты болсын