Асылхан Талғатұлы Разиев 1988 жылы 19 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Баян ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Петропавл қаласы орта білім кешені Өнер колледжнің актер бөліміне түскен. 2007 жылдың сәуір айында С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына қызметке тұрды. 2009 жылы Өнер колледжін қызыл дипломмен тәмамдады. Сол жылы Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз Мемлекеттік Өнер институтына сырттай оқуға түсіп, 2013 жылы драма актер мамандығы бойынша аталмыш оқу орынын бітірді. Өз жұмысына ұқыпты, жауапты, тәртібімен ұстанымы жақсы дарынды өнерпаз.
Спектакльдер мен сомдаған рөлдер тізімі:
▪ 2008ж. М.Әуезов «Еңлік-Кебек» - Жапал, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2009ж. Т.Уильямс «Шыны хайуанаты» - Том, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2010ж. С.Сматаев,Т.Теменов «Көгілдір такси» - Бақытжан, режиссер: О.Ақжарқын-Сәрсенбек.
▪ 2010ж. Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Кубик, режиссер: М.Ақжолов.
▪ 2010ж. С.Жүнісов «Елім-ай» - Сабалақ, режиссер: М.Ақжолов.
▪ 2011ж. Н.Байтемиров «Абайлаңыз қалыңдық» - Сапарбай, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2011ж. Т.Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» - Жарбол, режиссер: М.Ақжолов.
▪ 2012ж. Ш.Башбеков «Шойын қатын» - Әлімжан, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2012ж. Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» - Сансызбай, режиссер: Ж.Хаджиев.
▪ 2012ж. С.Шаймерденов «Дөкей келе жатыр» - Қилау, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2013ж. Д.Исабеков «Өйтпесе Мағжан бола ма?!» - Есенин, режиссер: М.Ахманов.
▪ 2013ж. О.Жанайдаров «Бір,екі,үш...» - Жолан, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2014ж. Софокл «Эдип патша» - Хор, режиссер: К.Касымов.
▪ 2014ж. Г.Хугаев «Қара шекпен» - Тұзар, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2014ж. Р.Куни«№13» - Д.Пигден, режиссер: Е.Кауланов.
▪ 2015ж. Н.В.Гоголь «Ревизор» - Хлестаков, режиссер: Б.Абдураззаков.
▪ 2015ж. Ж.Ерғалиев «Жетім тағдыр» - Сәбит, режиссер: М.Оспанов.
▪ 2015ж. А.Зағыпар, Б.Шамбетов «Дауылпаз баба – Қожаберген» - Қалдан Серен, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2016ж. А.Айларов «Келісім шарт бойынша қалыңдық» - Арсамаг Бияев, режиссер: Ә.Оразбеков.
▪ 2016ж. И.Сапарбай «Сыған серенадасы» - Дирижер-мим, режиссер: Ф.Молдағали.
▪ 2016ж. Ә.Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» - Жаппар, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2017ж. Р.Отарбаев «Қасірет» - Көрші шал, режиссер: Ф.Молдағали.
▪ 2017ж. Туфан Миннуллин «Гәргәрбектің гөй-гөйі» - Әбен, режиссер: Ф.Молдағали.
▪ 2018ж. К.Гольдони «Венециялық егіздер» - Егіздер Тонино мен Дзанэтто, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2018ж. М.Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» - Әзімбай, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2018ж. Н.Островский «Пайдалы орын» - Жадов, режиссер: Б.Шамбетов
▪ 2019ж. Б.Мамытбеков «Ноғайбай» - Әлімғазы, режиссер: Ф.Молдағали
▪ 2019ж. А.П.Чехов «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» - Кистунов А.Н., Григорьев Д., Нафанаил, Зельтерский, М.П.Кувалдин, Қожайын, режиссер: Б.Шамбетов
▪ 2020ж. В.Н.Красногоров «Меңдуана махаббат» - Дәрігер, режиссер: А.Наймантаев
▪ 2020ж. С.Мұқанов «Шоқан» - П.А.Фридерикс, режиссер: Ф.Молдағали
▪ 2020ж. Әбілда Н. «Ұстаздың оралуы» - Рудаки, режиссер: Ф.Канапин
▪ 2020ж. А.Құнанбайұлы «Толық адам» - Толық адам, режиссер: Ф.Молдағали
▪ 2021ж. Б.Нушич «Қарапайым адам» - Ақжан, режиссер: Б.Абдураззаков
▪ 2021ж. Б.Әлімжанов «Құлеке батыр» - Төле би, режиссер: Е.Қауланов
▪ 2021ж. С.Жүнісов «Елім-ай» - Әлихан, режиссер: С.Қамиев
▪ 2022ж. Н.В.Гоголь «Жындының жазбалары» - А.И.Поприщин, режиссер: Д.Адыкенов
▪ 2023ж. Н.Думбадзе «Кукарача» - Кучико, режиссер: Б.Абдураззаков.
▪ 2023ж. Ғ.Мүсерепов «Ұлпан» - Тілеміс, режиссер: Б.Ұзақов
▪ 2024ж. А.П.Чехов «12 минут немесе Треплевтің ертегісі» - Жұмат Шанин, режиссер: Ә.Өмірбекұлы
▪ 2024ж. С.Қасымбек «Қол» - Адам, режиссер: Б.Құрманғожаев
Ертегілер:
▪ 2008ж. О.Әубәкіров «Қожа мен спорт» - Қожа, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2009ж. Шығыс ертегісі «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Аладдин, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2010ж. У.Лейес «Айға ұшқан Түкбілмес» - Түкбілмес, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2011ж. «Эйр-балалық» - Айбек, режиссер: Б.Абдрахманов.
▪ 2012ж. Н.Крымов «Қорқынышты қоян» - Қоян, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2012ж. Халық ертегісі «Тазша бала» - Тазша бала, режиссер: М.Ақжолов.
▪ 2015ж. М.Әлібек «Сиқырлы дүрбі» - Алдар Көсе, режиссер: Ф.Молдағали.
▪ 2016ж. Хан Де Эн «Су патшалығы» - Ат балық, режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2017ж. Халық ертегісі «Ертөстік» - Шалқұйрық, режиссер:Б.Шамбетов.
▪ 2019ж Н.Носов «Түкбілместің хикаялары» - Пилюлькин, режиссер: Ф.Молдағали
▪ 2021ж. Халық ертегісі «Қаңбақ шал» - Режиссер бала, режиссер: Д.Тойбазаров
Көпшілік сахналарында:
▪ 2007ж. Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне», режиссер: М.Ақжолов.
▪ 2007ж. А.Володин «Қос жебе», режиссер: Ә.Оразбеков.
▪ 2009ж. М.Жұмабаев «Батыр Баян», режиссер: М.Оспанов.
▪ 2011ж Т.Жүженоғлы «Тығырық», режиссер: Б.Шамбетов.
▪ 2011ж. Д.Исабеков «Жау жүрек», режиссер: Ж.Хаджиев.
▪ 2011ж. С.Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық», режиссер: О.Ақжарқын-Сарсенбек
▪ 2015ж. «Соғыстың сұрқы әйелге жат», режиссер: Б.Шамбертов
▪ 2019ж. Б.Жақып «Жан дауысы», режиссер: Ф.Молдағали
▪ Режиссердің ассистенті:
▪ 2014ж. М.Супонин «Бұртима», режиссер: Б.Шамбетов
▪ 2024ж. Ғ.Мүсірепов «Ұлпан», режиссер: Б.Ұзақов
Режиссер:
▪ 2017ж «Шытырман шырша», режиссер: А.Разиев
▪ 2018ж. Ш.Перро «Етік киген мысық», режиссер: А.Разиев
▪ 2024ж. Р.Куни «Элгар авеню, 42», режиссер: А.Разиев
Өзге жобалардағы еңбектері:
▪ 2017ж. Перформанс «Проун. Супрематические опыты», режиссер: Е.Польди (МЛТШ РФ)
▪ 2017ж. Саунд драма «86», режиссер: Ф.Молдағали (СтартДрама лаборатория)
СҚМУ «Шаңырақ» студенттік театрындағы режиссерлік жұмыстары:
▪ «Он екінші күн», М.Байджиев
▪ «Жындымын ба? Аурумын ба? Көрерміз»
Кинодағы рөлі:
▪ Қ.Рамазан «Мағжан. Мен жастарға сенемін» - Көпес, режиссер: Д.Сәркенов
▪ Қысқаметражды фильм «Хат» - Комунист, қоюшы режиссер: Ернат Сәбитов
Марапаттар:
▪ 2009 жылы Халық аралық театр күні аясында ұйымдастырылған «Театр мейрамы – 2009» байқауында «Еңлік-Кебек» спектакіліндегі Жапал рөлі үшін «Актерлік дебют» номинациясы бойынша марапатталды
▪ 2010 жылы Халық аралық театр күні аясында ұйымдастырылған «Театр мейрамы – 2010» байқауында «Шыны хайуанаты» спектакіліндегі Том рөлі үшін «Жас дарын» номинациясы бойынша марапатталды
▪ 2011 жылы Халық аралық театр күні аясында ұйымдастырылған «Алтын сақа – 2011» байқауында «Абайлаңыз қалыңдық» спектакліндегі Сапарбай рөлі үшін «Екінші пландағы үздік ер бейнесі» номинациясы бойынша марапатталды
▪ 2012 жылы облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды
▪ 2012 жылы Театр маусымының жабылу аясында өткен кеште С.Мұқанов атындағы сыйақымен «Жыл актері» номинациясы бойынша марапатталды
▪ 2013 – «Жыл актері» номинациясымен марапатталды.
▪ 2015 жылы Халық аралық театр күні аясында ұйымдастырылған «Алтын сақа – 2015» Тәуелсіз театр сыйлығымен «Ревизор» спектакліндегі Хлестаков рөлі үшін «Үздік ер бейнесі» номинациясы бойынша марапатталды
▪ 2016 жылы Халықаралық театр күні аясында ұйымдастырылған «Алтын сақа – 2016» Тәуелсіз театр сыйлығымен «Дауылпаз баба – Қожаберген» спектакліндегі Қалдан Серен рөлі үшін «Ең үздік ер бейнесі» номинациясы бойынша марапатталды
▪ 2020 жылы «Алтын глобус» халықаралық білім мен мәдениетті дамытудың оқу әдістемелік, ғылыми инновациялық академиясының «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды, және де Халықаралық театр күніне орай «Алтын сақа – 2020» «Үздік ер бейнесі» номинациясымен марапатталды
▪ 2022 жылы Қазақстан театр қайраткерлері Одағының «Дара» төсбелгісімен марапатталды. Дәл сол жылы облыс әкімінен «Құрмет» грамотасын алды
▪ 2023 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
▪ 2024 жылы Халықаралық театр күнінде «Алтын сақа – 2024» «Үздік актер» номинациясымен марапатталды
▪ 2024 жылы РФ Санкт-Петербург қаласындағы халықаралық «Монокль» моноспектакльдер фестивалінде 3-орынға ие болды