Мама
«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада». Бізге жарық дүние сыйлаған асыл жанды естен шығаруға болмайды. Мама... Бір ұғымның астында бүкіл дүние бұғып жатқандай...Сол асыл жанға жылы сөзді соңғы рет қашан айттыңыз?
В основе событии лежит разговор мамы с сыном. Он человек с большой буквы, начальник района. Мама все время за него переживает. Но, сын не понимает материнское сердце...
Қорғансыздың күні
Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасы тағдырдың тәлкегіне түскен адамның халі мен әділетсіз қоғам шындығын бейнелейтін терең туынды. Жазушы жас Ғазиза бейнесі арқылы әлеуметтік теңсіздікті, адам тағдырын аяқасты еткен қатыгездікті, озбырлық пен дүниеқоңыздықты айна-қатесіз суреттейді.
Қойылымда қорғансыз жанның қасіреті мен жан дүниесіндегі арпалыс көрініс табады. Бұл драма ұлттық мінезді, заман шындығын, адамгершілік пен ар-ождан мәселесін қозғайтын мәні зор қойылым.


