16 ақпан күні, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды - драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс, сатирик, режиссер Асқар Наймантаевтың «Қызық кәнсерт» атты шығармашылық кеші өтті. Осы жолы думанды кешке Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы Ернар Бейсенбек пен С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының тарландары қатысып, ат салысты. Жиналған көрерменнің қарасы қалың болды. Концерт барысында Асқар ағамыз: "Соңғы 2 жылда барлық театрды шаңына ілестірмей келе жатқан, өнер ордасында спектакл қойғанымды мақтана айтатын боламын", - деді. Осылайша осы саланың жілігін шағып, майын ішкен жандар солтүстікқазақстандық көрерменді күлкіге қарық қылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.