Сыбайлас жемқорлық конференция 16.03.2022

Бүгінгі заман талабына сай әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Осыған орай, 2022 жылдың 16 наурызында театрдың әкімшілік-басқарушылық персоналына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы жөнінде түсініктеме әңгімесі жүргізілді. Аталмыш заңнама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және ҚР-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. Түсініктеме әңгімеге қатысқан жұмыскерлерге ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 4, 5, 9, 11 баптарның нормалары жан-жақты әрі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға ҚР-ның «Салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Заңына сәйкес кезең-кезеңімен жаппай декларация тапсыру ережелері түсіндірілді, оның ішінде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап квазимемлекеттік сектордың жұмыскерлері мен олардың жұбайлары міндетті түрде декларация тапсыратындығы жөнінде хабардар етілді.
Аталған іс-шара кәсіпорынның 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының негізінде жүргізілді.