«MEGA DANCE» халықаралық конкурс-фестивалі

Театрымыздың «Шабыт» би ансамблі Алматы қаласында «Jas Daryn» сайыстық жобасының ұйымдастыруымен өткен «MEGA DANCE» халықаралық конкурс-фестивалінде «Қазақ биі» номинациясы бойынша «Қара жорға» биі үшін 1-орынға және «Халық биі» номинациясы бойынша «Хорезм» биі үшін 2-орынға ие болды! Әріптестерімізді құттықтаймыз!