Театр ұжымы Хакасияның Абакан қаласында өткен ІІ халықаралық фестиваліне қатысып, театрымыздың актері Асылхан Разиев Н.Гогольдің «Жындының жазбалары» моноспектакліндегі Поприщин рөлі үшін «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясымен марапатталды. Қойылым режиссері — Думан Адыкенов.
Атаулы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен жаңа биіктер тілейміз!



