Театрдың 25 жылдық мерейтойы аясында «Тамырын тереңнен алған Сәбең театрының дара жолы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында театрдың қалыптасу кезеңдері, шығармашылық жетістіктері мен болашағы кеңінен талқыланды. Конференция аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті театр өнері басқармасының бас сарапшысы Балжан Серікқызының авторлығымен жарық көрген «Қызылжардағы қазақ театры» кітабының тұсаукесер рәсімі де өтті. Бұл еңбек — театр тарихына арналған құнды зерттеу, сахна өнерінің шежіресін тереңірек танып-білуге мүмкіндік береді.

