Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасы тағдырдың тәлкегіне түскен адамның халі мен әділетсіз қоғам шындығын бейнелейтін терең туынды. Жазушы жас Ғазиза бейнесі арқылы әлеуметтік теңсіздікті, адам тағдырын аяқасты еткен қатыгездікті, озбырлық пен дүниеқоңыздықты айна-қатесіз суреттейді.
Қойылымда қорғансыз жанның қасіреті мен жан дүниесіндегі арпалыс көрініс табады. Бұл драма ұлттық мінезді, заман шындығын, адамгершілік пен ар-ождан мәселесін қозғайтын мәні зор қойылым.
