С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында балаларға арналған жаңажылдық дәстүрлі ертеңгіліктер болды. Ертеңгіліктер желтоқсанның 20-30 аралығында өтті.
Мерекеде балаларға көтеріңкі көңіл–күй сыйлау мақсатында театр актерлері аңдардың бейнесін сомдап, ертегі әлемінен қойылым сахналады.
Ең алдымен кішкене балақайларға "Ханзада мен мысық" атты жаңажылдық ертегісі ұсынылып, қойылым барысында балалар кейіпкерлермен бірге ертегі әлеміне саяхат жасап, олармен сөйлесіп, қызықты диалог құрып, мәз-мейрам болып, кеш қызығына батты.
Бүгінгі заманның жаңа технологиялары - гироскутерді, роликті, самокатты қолдану ертегі-қойылымның бояуын қалыңдата түсті.
Кейін жаңажылдық жасыл шырша жағылып, кештің басты қонағы - Аяз ата мен Ақшақар да келіп жетті. Түрлі ойындар ойнатылып, байқаулар ұйымдастырылған бұл сиқырға толы кеште тәттілер мен сыйлықтар да болды.
Бірі-супермэн, бірі-өрмекші адам, енді бірі-ханшайым болып ертегілер еліндегі кейіпкерлерге ұқсап киінген бүлдіршіндер жаңажылдық кешке ерекше сән беріп, құлпыртып жіберді.
Би билеп, ән шырқаған балалар уақыттың қалайша тез зымырап өткенін де сезбей қалғандай.
Театр ұжымы М.Әуезовтың «Қарагөз» soundrama жанрындағы спектаклімен қатысып, «Қарагөз» спектаклі үшін ІІ орын иеленді.
2018 жылдың 16-желтоқсанында С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік бабалардың арманы" атты мерекелік концерт өтті.
Еліміздің барлық қиындықтарды жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілуінің дәлелі сол - мәз-мейрам болып, Ұлы күнді жыл сайын тәуелсіз, тыныш, кең байтақ жерімізде атап өтеміз.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні театр ұжымы да көрермендерін мерекемен құттықтап, керемет сазды кеш ұсынды.
Театр әртістері, би ансамблі, дирижер Марат Жакуповтың жетекшілік етуімен кіші симфониялық оркестр зал лық толы жиналған қауымға өнер көрсетті. Өнерпаздар ұлттық рухты көтеретін, патриоттық сарындағы әндер шырқап, мың бұрала би билеп, күмбірлеткен күйлерінен сусындатты.
Осылайша сахна төрінде өнер көрсеткен шығармашылық ұжым бейбіт өмір сыйлаған батырларға алғысын жеткізгендей.
Қарагөз рөлін сомдаған театрдың жас дарынды актрисасы М. Өсербаева «Ең үздік әйел рөлі» номинациясын қанжығасына байлады.
2018 жылдың 15-желтоқсанында Петропавл қаласында Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында облыстық салтанатты жиын өтті.
Сахнада Самал Еслямова мен С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртістері Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.
Сондай-ақ, жиын барысында облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов жұртшылықты мерекемен құттықтап, мемлекеттік наградаларды табыстады.
Облыс әкімі ҚР Президентінің жарлығымен театр директоры Біржан Жалғасбаевты «ҚҰРМЕТ» Орденімен марапаттады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгіленген «Құрмет» Орденімен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, бiлiмдi дамытуға сіңірген еңбектері үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталатынын атап өту жөн болар.
Театр ұжымы Семей қаласында өткен Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVІІ республикалық фестиваліне, Б.Жақыптың «Жан дауысы» soundrama жанрындағы спектаклін ұсынып, «Үздік режиссура» номинациясымен Ф. Молдағали марапатталды.
2018 жылдың 12-13 желтоқсанында "Пайдалы орын" қойылымының премьерасы өтті.
Авторы - А.Н.Осторвский;
Қоюшы режиссер – Баатырбек Шамбетов;
Суретші - Садыр Ниязакунов.
Мықты режиссерлік жұмыс, тамаша актерлік ойын, тартымды сюжет және керемет юмор - осының бәрін бір арнаға тоғыстырған қойылым көрерменнің көңілінен шықты.
Бірнеше ай бойы театр ұжымы тынбай еңбетеніп, дайындаған комедия жанрындағы спектакль жиналған қауымды біраз күлдіртті, алайда, көрерменге ұсынылған қойылымның астарында үлкен мән-мағына мен терең ой жатыр. Заман дерті саналатын сыбайлас жемқорлықты әшкерелеу, оның қоғамға кері әсері, залалы туралы жазылған шығарманың астарлы ойын театр ұжымы сахна өнері арқылы халыққа жеткізді.
Премьераны тамашалауға келген көрермендердің көңіл-күйіне қарасақ, режиссер мен актерлердің еңбегі еселеп ақталғандай.
Театр ұжымы Семей қаласында өткен Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVІІ республикалық фестиваліне, Б.Жақыптың «Жан дауысы» soundrama жанрындағы спектаклін ұсынып, «Үздік режиссура» номинациясымен Ф. Молдағали марапатталды.
Театрдың көркемдік жетекшісі лауреат атанды
2018 жылдың 12-желтоқсанында С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі Фархад Молдағали "Театр және кино" номинациясы бойынша "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.